
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Рингке сүйеніп, наразылық білдірді
91 килодан жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен француз боксшысы Мұрат Әлиев Олимпиаданың ширек финалында британдық Фрейзер Кларкпен болған кездесуден кейін рингтен кетуден бас тартты.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Бақтияр Байсейітов: Жерлестерімнен кешірім сұраймын
Грек-рим күресінен де Қазақстан құрамасы үшін Токио Олимпиадасы сәтсіз аяқталды. Жарысқа шыққан үш спортшымыз да бірінші айналымда сүрінді. Осыған орай Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистер тарапынан қойылған сауалдарға Токиодан тікелей бейнеконференция арқылы грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов жауап берді.
TOKYO2020 • 04 Тамыз, 2021
Кеше қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында спорттың бес түрі бойынша бақ сынады. Қоржынымызға алтын, күміс медальдар түспегеннен кейін күн өткен сайын бейресми жалпыкомандалық есепте төмен сырғып барамыз. Бүгінде Қазақстан төрт қоламен 75-орында тұр.
TOKYO2020 • 04 Тамыз, 2021
Қыздар күресінен ел намысын қорғаған Эльмира Сыздықова бірінші айналымда қырғыз балуанына еш қарсылық көрсете алмады. Осылайша, Рио Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізген жерлесіміз Күншығыс елінен жүлдесіз қайтты. Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Нұр-Сұлтан мен Токио арасында тікелей бейнеконференция байланысы арқылы брифинг өтті. Оған Спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гүзель Манюрова қатысты.
TOKYO2020 • 03 Тамыз, 2021
Асәділовтің асығы алшысынан түссе екен
Токиода өтіп жатқан төртжылдықтың басты додасында ертең каратэшілеріміз өнер көрсетеді. Олимпия ойындарының бағдарламасына алғаш рет қосылған спорт түрінен жалпы саны сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады.
TOKYO2020 • 03 Тамыз, 2021
Бокстан алғашқы чемпиондар белгілі бола бастады. Өкініштісі, 2004 жылдан бері «қазақтың салмағы» аталып келген 69 кило салмақта Рониэль Иглесиас Куба құрамасына алғашқы алтынды алып берді. Ал 57 килода бақ сынаған Сена Айридің жетістігі, тіпті керемет. Ол қыздар арасында Жапония тарихында тұңғыш рет бокстан Олимпиада чемпионы атанды. Қырғызстан балуандары кеше екі бірдей (1 күміс, 1 қола) медальға қол жеткізді.
Спорт • 03 Тамыз, 2021
Қамшыбек Қоңқабаев: Бар күшімді келесі жекпе-жекке жұмсаймын
Газет оқырмандары бұл күнде бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың Токио Олимпиадасында жартылай финалға шыққанынан хабардар. Қамшыбек енді жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен кездеседі.
Спорт • 03 Тамыз, 2021
Енді еркін күреске елеңдейміз...
Еркін күрестен Әсет Серікбаев баптайтын Қазақстан құрамасының балуандары 4 тамызда Олимпия ойындарындағы алғашқы белдесулерін бастайды. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада еркін күрес балуандары алты салмақтың бесеуінде жолдама алып тұрып, бірде-бір балуанымыз жүлде алмай қайтқан еді. Биыл да еркін күрес шеберлері бес салмақта белдеседі. Нәтижесі қалай болар екен?
Спорт • 03 Тамыз, 2021
Спорттық құзға өрмелеушілер алғаш рет Олимпиадаға қатысады. Отандасымыз Ришат Хайбуллин ел намысын қорғайтын жалғыз спортшы. Токиода соңғы жаттығуларын жасап жүрген жерлесіміз бүгін жарыс жолына шығады.
TOKYO2020 • 02 Тамыз, 2021
Спорттың падишасы саналатын жеңіл атлетикадан медальдардың бірсыпырасы 2 тамыз күні өз иелерін тапты. Өкінішке қарай, жүлде алғандардың санатында қазақстандықтар тағы да жоқ.