
Спорт • 28 Шілде, 2021
Олимпиаданың ең жас спортшылары
13 жастағы жапон қызы Олимпиада чемпионы атанды. Ол төртжылдықтың басты додасына жаңадан қосылған спорт – скейтбордтың «стрит» түрі бойынша бақ сынаған еді. Осылайша, Момиджи Нисия жазғы Олимпиада тарихында ең жас чемпион атанған спортшылардың қатарына қосылды. Осы орайда біз оқырмандарды XXXII жазғы Олимпия ойындарына қатысып жатқан жас спортшыларымен таныстыруды жөн көрдік.
Спорт • 28 Шілде, 2021
Зүлфия Чиншанло: Жетістігіме шүкіршілік етемін
Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло Токиодағы Олимпия ойындарында қола медаль алып, ел қоржынына кезекті жүлде салғанын айтып, оқырманнан сүйінші сұраған едік. Бас басылымға сұхбат берген ауыратлет өзінің алдағы жоспарын бөлісті.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
«Қазақтың салмағы» кімге бұйырады?
Олимпиаданың төртінші жарыс күні де артта қалды. Үш күн бойы күніне бір-бір қоладан алып, «қолабек» атанған қазақстандықтардың арасынан «алтынбекті» алаңдап күтудеміз. Алтыннан дәмеленетін жөніміз де бар. Әлемдік рейтингте үздік ондықта тұрған таэквондошы Руслан Жапаров пен Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз және өзінің екінші Олимпиадасында бақ сынауға келген дзюдошы Дидар Хамза секілді спортшылар алтынға бастар жолды біледі деп сендік. Сөйтсек...
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Испандық боксшы қазақстандық Василий Левитті нокаутқа жіберді
Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі үшін Токио Олимпиадасы соңына жетті. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токио ойындарының бірінші айналымында сүрінді , деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Абылайхан Жүсіповтің жекпе-жегі алғашқы раундта аяқталды
Токио Олимпиадасында бокстан Қазақстан командасынының өкілі Абылайхан Жүсіпов жеңіліс тапты деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Су добынан Қазақстан құрамасы Олимпиаданың екінші кезеңінде жеңіліс тапты
Су добынан Қазақстан командасы Токио Олимпиадасында қатарынан екінші кездесуде ұтылды деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Қазақстандық спортшы садақ атудан келесі кезеңге өте алмады
Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Денис Ганькин Токио Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Шілде, 2021
Ағасы да, қарындасы да чемпион атанды
Токио ойындарында Олимпиада тарихында бұрын-соңды болмаған ерекше оқиға болды. Жарыстың екінші күні дзюдодан ағалы-қарындасты Хифуми Абэ мен Ута Абэ күллі Күншығыс елінің абыройын асырды.
TOKYO2020 • 26 Шілде, 2021
Токио Олимпиадасында таэквондодан Руслан Жапаров (80+ кг) пен Жансель Дениз (67+ кг) ел намысын қорғайды. Екі спортшымыз да бабы мен бағы қатар шапса, Олимпиаданың биік тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз.
TOKYO2020 • 26 Шілде, 2021
Үшінші жарыс күні: үшінші қола
Олимпиаданың үшінші жарыс күнінде де тым үмітсіз емес едік. Алғашқы екі күнде екі қола медаль алған қазақстандықтар қоржынына бүгін де кем дегенде екі медаль түседі деп болжаған едік.