
Әлем • 26 Наурыз, 2024
Демократия деп осыны айт Жапонияда «Нарита» деген әуежай бар. Салынып, жұмыс істеп жатқанына биыл – 46 жыл. Сол әуежайдың тура жанында жалғыз үй тұрады. Олардың әуежай маңында жекеменшік жері бар, сонда егін салады. Үкімет 46 жылдан бері сол отбасыны көшіре алмай, жағдайына қарай ыңғайланып жүр.
Технология • 22 Наурыз, 2024
Гуманоид робот Жақында Figure AI адамдармен толыққанды байланыс орната алатын гуманоидты робот шығарды. Таң қаларлығы – ол адамдармен терең әңгімелесіп, әрекетіне түсініктеме бере алады. Жады да мықты. Тіпті келесі қадамды жоспарлауды, естеліктерді сақтауды және дәлелмен сөйлеуді біледі.
Таным • 19 Наурыз, 2024
Сіз дежавюдің не екенін білесіз. Ол кезде бұрын-соңды болмаған оқиға болған секілді, бірінші рет келіп тұрған жеріңізге бұрын келген секілді сезімде боласыз. Ең қызығы, осыған қарама-қарсы «жамевю» деген де бар екен.
Университет • 19 Наурыз, 2024
C.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 30-дан аса түлегі Қытай жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура және постдокторантура бағдарламасы бойынша білім алады. Сөйтіп, оларға екі университеттің дипломы беріледі.
Білім • 18 Наурыз, 2024
Астанада жоғары білім саласына қатысты академиялық адалдық туралы семинар өтті. Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы атанған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасы білім сапасын арттыру үшін бірқатар іс атқарып жүр. Соның бірі – «Академиялық адалдық» тақырыбындағы семинар.
Білім • 14 Наурыз, 2024
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласы мен Ақмола облысындағы білім ошақтарын аралап, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмысымен танысты.
Табиғат • 14 Наурыз, 2024
Син Цзяло – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің докторанты. Ол елімізге Қытайдан үкіметаралық алмасу бойынша оқуға келді. Қазір табиғат пен ауыл шаруашылғын зерттеп жүр.
Таным • 13 Наурыз, 2024
Ертедегі адамдар сезімін граффити мен хаттарға, құлпытастар мен жартастарға жазатын. Мұны тіпті «махаббат шифры» деп айтсақ та болады. Археологтер мен этнографтар тапқан Ежелгі Новгородтан бастап Осман империясы аралығындағы бізге жеткен ғашықтық хаттарына назар аударыңыз.
Егемен Қазақстан • 07 Наурыз, 2024
«Қазақ газеттері» серіктестігінің ер-азаматтары әріптес қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Шаттықты іс-шара ұжым басшысы Дихан Қамзабекұлы және орынбасары Владимир Курятовтың алғы сөзімен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты. Кешті Жәнібек Әлиман мен Әсет Сыздықов жүргізді.
Білім • 06 Наурыз, 2024
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 200-ге жуық студенті Астанадағы білім ордаларында болатын өндірістік іс-тәжірибелерін бастады. Болашақ мұғалімдерге Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ізгі лебізін білдірді.