Таным • 21 Мамыр, 2024

Ғалам ғажаптары: Илонның екінші чипі

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Илон Маск тағы бір адамды чип­тегісі келді. «Neuralink» стартапы чипке тағы бір үміткер іздей бастады.

Ғалам ғажаптары: Илонның екінші чипі

Енді чиптелген ерікті смартфон мен компьютерді ой күшімен басқара алатын «Телепатия» кибернетикалық ми имплантын алады. Илон Маск бірінші чиптелген адам 29 жастағы Нолан Арбо өзін жақсы сезінетінін айтты.

Мамыр айының ортасында «Reuters» дереккөздері «Neuralink» науқасының миынан шығатын имплант контактілері мәселесімен ұзақ уақыт бойы күресіп келе жатқанын хабарлаған болатын. Осындай мәселеге бірінші чиптелген адам да тап болған еді. Екінші чиптелген адамда ондай мәселе болмас үшін біршама өзгеріс енгізіледі деді олар.

 

Атом сағаты

п

Физиктер атомдық сағаттың жаңа түрін жасады. Бұл туралы «Nature» журналында жарияланған мақалада айтылады.

Сағат тербелмелі йод молекулаларын қолдануға негізделген және салмағы небәрі 26 килограмм. Зерттеушілердің айтуынша, олар қазіргі уақытта көптеген кемеде қолданылатын сағаттарға қарағанда шамамен 1000 есе дәлірек. Құрылғы «Aotearoa» кемесінің бортында сыналды. Үш апта бойы Тынық мұхитында әдеттегі кеме операцияларын жүргізді. Нәтижелер сағаттың зертханалық сынақ­тардағыдай дәл екенін, қателік секундтың 300 триллионнан бір бөлігінен аз екенін көрсетті.

 

Адам тәрізді робот

р

«Boston Dynamics» гидравликаның орнына электр қуатымен жұмыс істейтін адам тәрізді «Atlas» роботын жасап жатыр.

Қазіргі уақытта бұл «әлемдегі ең епті гуманоид робот» деп бағаланып отыр. Жаңа «Atlas» үлгілері «Hyundai» компаниясымен бірігіп дайындалады. Ол жобаға демеушілік жасап қана қоймай, роботтарды сынау үшін өз зауыттарын да беріпті.