Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2375 материал табылды

Форум • 19 Қыркүйек, 2023

Креативті жастар жиыны

Атырауда өткен «Sarayshyq upgrade-2023» халықаралық форумына Қырғыз­с­тан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей және еліміздің облыстарынан 200-ден аса жас жиналды.

Жәдігер • 18 Қыркүйек, 2023

Таскешуден табылған жәдігерлер

Қазақтың кең жазиралы даласында қадам жері құнды жәдігерді, сүйем жері құпияға толы жұмбақ сырды жасырып жатқан археологиялық ескерткіштер аз емес. Атырау облысындағы әлі толық зерттелмеген тарихи мекеннің бірі – Таскешу керуен сарайы.

Бизнес • 15 Қыркүйек, 2023

«Даму» бастамаларды қолдайды

Мемлекет тарапынан қол­дау көрсетіліп отырған сала­ның қатарында кәсіп­кер­лік секторы да бар. Әсі­ресе шағын және орта биз­неске бет бұрғандарға «Даму» қоры арқылы демеу көрсетіліп келеді.

Медицина • 14 Қыркүйек, 2023

«Саламатты Қазақстан» сапары

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өңірлерді аралап жүр. Бұл пойыз 26 сәуірде Алматы-2 стансасынан жолға шыққан. Содан бері Алматы, Жетісу, Абай, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Атырау облыста­рындағы 70 бекетке тоқтаған.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023

Күй өнерінің дарабозы

Халқымызда қайраткерлігімен де, өнерімен де аңызға айналған ұлы тұлғалар жетерлік. Сондай біртуарлардың қатарында күй өнерінің абызы атанған Құрманғазы Сағырбайұлы да бар. Мемлекет басшысы былтыр Атырау қаласында дарынды жастар үшін мәдениет және шығармашылық орталығын салуды, оны қазақ күй өнерінің алыбы – Құрманғазының атымен атауды ұсынған еді.

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2023

Жол сапасын тексеретін зертхана

«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалында заманауи үлгідегі зертхана ашылды. Жаңа зертхана дүниежүзілік ІСО-17025 стандартының талаптарына сай келеді. Әсіресе техникалық бақылаушылар, мердігер мекемелер мен жол саласындағы атқарушы билік өкілдерін оқытуға, тәжірибе алмасуға, студенттердің тәжірибеден өтуіне мүмкіндік жасалған.

Құқық • 11 Қыркүйек, 2023

Көлеңкелі істі кәсіп еткендер

Алтын көріп, жолдан таятын періштенің кейпіне енгендер көлденең табыс табу үшін заңсыз әрекеттен тартынбайды. Кәсібін көлеңкелі бизнеспен байланыстырғандардың заңсыз әрекетінен келер шығын да аз емес.

Қоғам • 11 Қыркүйек, 2023

Манарбектің лайықты марапаты

Атыраулық Манарбек Қартбаев Төтенше жағдайлар министрлігінің «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. Ол Жем өзеніне батып бара жатқан екі адамды құтқарып қалған.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2023

Айналма жолдың артықшылығы

Атырау облысы халықаралық автожол дәлізінде орналасқан. Алайда осы кезге дейін мұнайлы шаһарды айналып жүретін жолайрығы салынбаған. Сол себептен Ресей арқылы келетін ауыр жүк көліктері өзге өңірлерге қатынау үшін Атырау қаласы арқылы өтетін жолмен жүруге мәжбүр. Ауыр жүк көліктері қала ішіндегі жолдың сапасын бұзады. Тар көшеде көлік кептелісі жиі туындайды.

Мектеп • 06 Қыркүйек, 2023

Жайлы мектептер

Атырау облысында 204 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, білім ордаларының 1-сыныбына 12 мыңнан астам оқушы қабылданған. Білім күнінде бірнеше жаңа мектеп ашылды. Олардың екеуі – Binom үлгісіндегі инновациялық мектеп. Оның біріне ғұлама Әл-Фарабидің, екіншісіне мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілген.