Аймақтар • 31 Мамыр, 2024

Құлсарыда ауызсу неге лайланған?

162 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жылыой ауданының орталығы Құл­сары қаласының тұрғындары тағы бір түйткілге тап болды. Бұл – тұ­ты­на­тын ауызсудың лайланғаны. Осыған байланысты Атырау облы­сының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары қала­сындағы ауыз­су сапасын жақсар­ту­ды тапсырды.

Құлсарыда ауызсу неге лайланған?

Кейінгі бірнеше күннен бері Құлсары қаласы тұрғындары тарапынан ауызсудың лайланғаны туралы шағым көбейді. Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, моношаһарды ауызсумен «Жы­лы­ойсу» МКК қамтиды. Алай­да кәсіпорынның су айдау стан­сасындағы қазандарында су қоры азайған. Оған себеп – «Ма­гис­тралд­ық Суағызғысы» ЖШС-нің су тазарту стансасы қажетті су қорымен қамтамасыз ете алмауы.

«Су тазарту қондырғыларында су құрамы лайдан толық тазар­тыл­маған. Құлсары қаласына қа­жетті су көлемі берілмеді. Лай­лану көрсеткіші стандартқа сай емес. Облыс әкімі лай суды жи­нақ­тау резервуарларынан ағы­зуды, құбырлар толық тазар­ған­ша магистралдық желіден су жіберуді тапсырды», деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Құлсарыға су «Астрахан-Маң­ғышлақ» магистралдық құбы­­рымен тасымалданады. Бұл құбырға су Ресейдің Астрахан облысымен шекарадағы Қиғаш өзенінен алынады. Аталған құбырға иелік ететін «Магис­трал­дық Суағызғысы» ЖШС-нің мә­ліметіне сүйенсек, орга­но­лептикалық көрсеткіштер бойын­ша техникалық судың сапасы өзгеруі мүмкін. Өйткені «Астрахан-Маңғышлақ» магис­трал­­­дық суағызғысын қайта құру және кеңейту жобасының бірінші кезегі іске асырылып жатыр. Осы жоба шеңберінде 56-207 шақырым магистралдық құбыр жолының жаңа учаскесі пайдалануға берілген.

Атырау облыстық санитарлық-эпидемио­ло­гиялық бақылау де­партаменті басшысының орынбасары Айгүл Ысқақованың айтуынша, Құлсары қаласындағы ауыз­су сапасына ұдайы мониторинг жүргізіліп келеді. Мәселен, су тасқыны болғаннан бері ауызсу сапасына байланысты 286 сынама алынған. Департамент мамандары тұрғындарға қайнаған суды тұтынуды ұсынып отыр.

«Жылыойсу» МКК дирек­то­рының бірінші орынбасары Батыр Шәкірұлының айтуынша, ауызсу тек Құлсары қала­сында ғана емес, сонымен бірге Жаңақаратон кентінде лай­лан­ған. Осыған байланысты ком­муналдық кәсіпорын 15 мамырдан 1 маусым аралығындағы кезең үшін су ақысын есептемеуге шешім қабылдады. Мамыр айында жеке және заңды тұлғалардың тұтынған суы үшін тарифтың тек 50 пайыз мөлшерінде төлем есептеледі.

Ал Жылыой аудандық кәсіп­кер­лік және ауыл шаруашылығы бө­лімінің басшысы Нұртас Қуатбаевтың пікірінше, сауда орындарының иелері құтыдағы су бағасын өсірмеуі қажет. Бұл ауызсу тапшылығын сезініп отырған тұрғындар үшін жанашырлық болар еді.

«Қазір Құлсары қаласында ауызсу лайланды. Бұл судың сапасына әсер етіп отыр. Осы орайда ауызсуды тасымалдайтын, фильтрлі автоматтар арқылы тазалап және дүкендерде сатумен айналысатын кәсіпкерлерден бағаны көтермей, тұрақты ұстауы қажет», деді Н.Қуатбаев.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қыз­ме­тінен мәлім еткендей, Жылыой ауда­нының белсенділері Құлсары қаласының тұрғындарына ауызсу жеткізіп беруді сұраған. Осыған байланысты компания 24 мың литр бөтелкеге құйылған су бөлген. Оның ішінде 6 мың бөтелкедегі су балалар, әйелдер мен егде жас­тағы адамдар орналасқан эва­куа­циялық пункттерге жет­кізіледі.

«Бұл компания бұған дейін тасқын судан зардап шеккен Құл­сары қаласының тұрғын­да­ры­на бірнеше рет көмек көр­сеткен еді. Ауызсу сапасының тө­мендеуіне бай­ланысты ком­пания­дан көмек сұрадық. Өйткені біз тұр­ғын­дар­дың ауызсу тапшылығына ұрын­­бағанын қалаймыз. Ком­па­нияның демеу­шілігімен жет­кізілген суды көпбалалы отба­сы­­ларға, қарттарға, барлық тұр­­­­ғын­­ға жеткізіп бере­міз», дей­ді жергілікті белсенді Раиса Телеубаева.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар