Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1232 материал табылды

Аймақтар • 13 Наурыз, 2023

Жетісудағы жағдай тұрақты

Күні кеше әлеуметтік желіде Кербұлақ ауданына қарасты Қызылжар ауылының тұрғындары тасқын судың қаупін айтып, дабыл қаққан еді. Мұндай жағдай Алакөл, Ескелді аудандарында да қайталанған. Ең бастысы, адам шығыны жоқ. Қазір мамандар құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Отбасы • 13 Наурыз, 2023

Анаға құрмет – бәріне міндет

Анамен әлем нұрлы. Біз із­гілікке барар жолды ана ар­қы­лы табамыз. Кө­ңілімізді бұлт торласа, се­ні­мімізге сел­кеу түс­се, алды­мен әйел заты ара­ша түседі. Бұл – Тә­ңірдің мейі­рі­мін­дей көркем қа­сиет. Сондықтан ана­лар­ға көрсеткен қо­ше­мет – ең ұлы қошемет. Жетісуда биыл әр салада қызмет ететін 500 әйелге ерекше құрмет көрсетілді. Бірі – «Алтын алқа», «Күміс алқа» тақса, бірі Алғыс хатқа ие болды.

Елорда • 13 Наурыз, 2023

Астананың алғашқы мәслихаты

Қала тарихы қашан да қызық. Әсіресе өзін тұрған шаһардың шежіресі кімді де болса бейжай қалдырмайтыны анық. Ендеше Астана қалалық мемлекеттік архивіндегі құнды құжаттарға бір үңіліп көрсек. Бұл жолы алғашқы мәслихат сайлауының тарихы көзімізге оттай басылды.

Кино • 12 Наурыз, 2023

Парсы сабағы

Бір адамның мүддесі бүтін ұлттың басына қара бұлт үйіруі мүмкін. Қазіргі майданның келбеті сондай. Уағында Гитлерге ерген немістер бармағын шайнаған. Сол соғыстың сорын біз де жұтқанбыз, есіңізде болса? Аналарымыз жастай жесір қалды, аталарымыз ерте есейді. Ал біз бүгін отыз бестің өзін жас көреміз. Айтпақшы, ұлы істер қанша жастан басталады? Парсы сабағы сізге де сабақ болсын, оқып шығыңыз...

Ғылым • 07 Наурыз, 2023

Өнертапқыш өрендер

Түркиядағы ғасырлық апат Алматының уайы­мын еселеді. Қашанда сейс­­микалық белсен­ділігі жо­ғары қалалардан қауіп көп. Зәулім ғимараттар қирап қана қоймай, тұрғын­дар­ды басып қалуы мүмкін. Құт­қарушылар келгенімен, үйін­ді астынан бәрін аман алып қалу өте қиын. Осы ретте жас ғалымдар «Saver» роботын ой­лап тапты. Бұл – қиранды ас­тын­­дағы адам­дарға араша болар ал­ғаш­­қы көмек.

Халық • 07 Наурыз, 2023

Тұрғын үйге кезек көп

Баспанамен қамту – қашанда өзекті мәселе. Жетісуда кезекте тұрған халықтың қарасы көп. Мәселен, іргедегі Ескелді ауданында 1 300-ден аса адам пәтерін күтіп отыр. Жақында Қарабұлақ ауылында 60 пәтерлік көпқабатты үй пайдалануға берілмек. Бірақ бұл мәселені толықтай шеше алмасы анық. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңір тұрғындарымен кездескенде осы түйткілге ерекше тоқталды.

Кино • 05 Наурыз, 2023

Мимино

Кеңес кино өнерінің тірі мүсініне айналған Вахтанг Кикабидзе дүниеден озды. «Мимино» кинокартинасы арқылы миллиондаған көрерменнің көңілін жаулаған өнер майталманы ғұмырының соңында қазақ киноәлеміне де өзінің қолтаңбасын қалдырып кетті. Аңыз тұлғаның сахнадағы келбеті көркем де кіршіксіз еді. Енді, «Чито-гврито» әнін кім айтады екен?

Дәстүр • 05 Наурыз, 2023

Қырағы құсбегілер

Құсбегілік – ұлтымыздың қанына сіңген ұлы дәстүр. Көшпенділердің өміріне тағантас болған берік өнер. Содан да болар тәлім-тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасып та келеді. Оған дәлел, Жетісуда өткен республикалық саятшылар жарысы. Аушы құсты қолға ұстап қырағылық көрсеткен бүркітшілер бәсекесі елді сүйіндірді.

Білім • 27 Ақпан, 2023

Дохадағы кездесу

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің оқушылары Қатар мемлекетінде өткен «Біріккен Ұлттар Ұйымының үлгісі» жастар конференциясына қа­тыс­ты. Мұнда әлемдегі мәдени һәм экономикалық өз­герістерге қазақ балалары өз ойларын қосып, өзара пікір алмасты.

Үкімет • 27 Ақпан, 2023

Үкімет көмекті үзбейді

Жетісуға жұмыс сапарымен Премьер-министр Әлихан Смайылов келді. Үкімет басшысы өңірдің көлік-логистикалық және агроөнеркәсіптік әлеуетін дамыту барысымен танысып, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.