Маман • 16 Ақпан, 2023
Мәнін ұққан адамға мемлекеттік гранттың пайдасы көл-көсір. Оны айтып та, жазып та жүрміз. Мәселен, Жетісуда 750-ге жуық адам кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның қызығын көріп отыр. Олар кәсіптің көзін тауып, өзін ғана емес, өзгені де жарылқап жүр.
Үміт • 14 Ақпан, 2023
Әлемге әйгілі Google компаниясында жұмыс істеу әрбір IT-маман үшін үлкен мәртебе. Дегенмен ол биікті бағындырған қазақ балалары жетерлік. Соның бірі – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Ернияз Нұрғабылов. Жақында жас білімпаз оқушылармен кездесіп, ой бөлісті.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2023
Бүгінде елімізде электр қуатының тапшылығы білінбейді. Сонда жел электр стансасы несімен құнды деген сауал өз-өзінен туындайды емес пе? Бұл тараптағы тамаша табыс – табиғи қуат көзін пайдалану. Осы ретте Жетісуда қуаты 50 МВт «Абай-2» жел электр стансасы іске қосылды.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2023
Жетісуда да қар барысының ізі бар. Қызыл кітапқа енген қырағы жануарды мамандар қызғыштай қорғайды. Анда-санда көзге түсетін түз тағысының тағдыры – бүгінде адамның қолында. Осы мақсатта «Алтынемел» табиғи саябағының мамандары қар барысы мекендейтін аумақты картаға түсірді.
Өнер • 13 Ақпан, 2023
Теңізге ұзақ қарасаң, адамды сағынасың, ал адамға ұзақ қарасаң, теңізді сағынасың.
Қоғам • 09 Ақпан, 2023
Жетісулықтардың волейболға келгенде бір бүйрегі бұрып тұрады. Осыған орай Талдықорған төрінде «Жетісу» волейбол клубына арналған спорттық база мен клуб ойыншыларына арнап тұрғын үй тұрғызылмақ. Бұл өзі спортшылардың көптен бергі тілегі еді.
Қоғам • 09 Ақпан, 2023
Архивке барудың да әдебі бар. Мұны бұрнағы жұрт жақсы бағамдайды. Ал бүгінгі ұрпақ ше? Қайтсек біз бабадан қалған құнды мирасты бала санасына сіңіре аламыз? Ол үшін не істеу керек? Мұны Астана қаласының мемлекеттік архивінің мамандарынан сұрау керек шығар. Оқушылармен бірлесе жұмыс істеген мекеменің оқырманы көп.
Кино • 08 Ақпан, 2023
Әлемді тамсандырған «Титаник» фильмі Ди Каприоға Оскар сыйлығын әпере алмады. Одан кейін де атақты актер бірнеше кинофестивальде бармағын тістеумен отырды. Жоқ, кейін шегінген жоқ, жиырма жыл алысты. Ақыры алтын адамды «Жаны сірі» кинокартинасы ұстатты. Шындыққа құрылған шығарма, жансебіл жігітті шырқау биікке бірақ алып шықты.
Экономика • 08 Ақпан, 2023
2010 жылдың шамасында Панфилов ауданында «Қорғас-шығыс қақапасы» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Ондағы мақсат – мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын өрістету еді. Бұл – отандық және шетелдік инвесторлардың өндіріске қаржы жұмсаудағы белсенділігін арттыратын ірі жоба. Қазір өз нәтижесін беріп жатыр.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2023
Текелінің тәтті тағамдарын жеп көрдіңіз бе? Әсіресе дәмі тіл үйіретін пірәндігін. Жетісудан тіске басар жұмсақ ас іздесеңіз, моноқалаға барыңыз. Бұлай әсірелеп айтуымыздың басты себебі, Текелі кондитерлік фабрикасында күніне 1,5 тоннаға дейін пірәндік пісіріледі. Бүгінде кәсіпорын жұмыс санын қысқартпай-ақ заманға сай автоматтандырылып жатыр. Тұтынушылар саны күннен күнге артып келеді.