Banner
Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1271 материал табылды

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2025

Көп қалауы – көгілдір отын

Көгілдір отын арқылы өңірдің экономикалық мүмкіндігін арттырып, эко­логияны бұзбауға болады. Осы мақсатта Жетісу облы­сының кешен­ді газдандыру аймақ­­тық бағдарламасы жолға қо­йыл­­ған. Соның нәтиже­сінде халық­тың 60%-ға жуығы газға қосы­лып үл­гер­ді. Алдағы 4–5 жылда 358 елді мекеннің 192-сін таби­ғи газбен қамтамасыз ету жос­парға енгізілген. Жаңа жыл қар­саңында тағы 6 мыңға жуық тұр­ғын та­­би­­ғи газға қол жет­кізді.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025

Оңалту орталығы ашылды

Жетісу облысында балаларға арналған сауықтыру орта­лық­тары көбейіп келеді. Мұның қуанышы да, әттеген-айы да бар. Қуанышы сол, түрлі сырқатқа шалдыққан жандарға жәрдем береді. Өкініштісі, сондай дертке душар болған балалар­дың қатары азаяр емес. Сол себепті 3-18 жас аралы­ғын­дағы неврологиялық диагнозы бар балаларды кешенді оңалтуға бағытталған «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Мұнда алыс аудандарда тұратын балалар емделеді.

Әскер • 20 Қаңтар, 2025

«Қаңтарда» қаза болған сарбазға «Ерлік сыныбы» ашылды

Талдықорған қаласындағы Ш. Уалиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясында Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаз, ІІМ Ұлттық ұлан батыры ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Айбат Амановқа арналған «Ерлік сыныбының» ашылу салтанаты өтті.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025

Техникалық мамандықтармен толығады

Жұмысшы мамандықтары жылына орай Жетісудағы университет пен колледждердегі мамандықтарды түрлендіру үдерісі қарқынды түрде жүріп жатыр. Былтыр аграрлы салаға қажетті мамандарды шетелде оқыту идеясы қолға алынды. Биыл білім ордаларында жаңа техникалық мамандықтар ашылады. Алдағы 2-3 жылда орман, балық, жылыжай шаруашылығына қажетті кадрлар жергілікті жерден шығады.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025

Көптен күткен қоныстой

Талдықорғанның «Береке» қалашығындағы үйлер халыққа біртіндеп беріліп жатыр. Былтыр 25 пәтердің кілті табысталса, жақында 30 үй иесін тапты. Одан бөлек, Жаркент қаласындағы кезекте тұрған тұрғындар да қоныс тойы­н тойлап жатыр. Жалпы, өңірде биыл 122 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған, оның 105-і осы жылы пайдалануға беріледі.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025

Тәртіп сақшыларына 40 көлік тарту етті

Қоғамдық тәртіпті қадағалауда полиция қызметкерлерінің үлесі зор. Мереке күндерінен бөлек, күнделікті тұрғындардың тыныштығына жауап беретін құзырлы орган өкілдері тәулік бойы тыным таппайды. Осыны ескере отырып, облыс әкімдігі тарапынан жетісулық тәртіп сақшыларына су жаңа 40 автокөлік тарту етілді. Көліктер тек облыс орталығына емес, аудандағы департамент қызметкерлеріне де үлестіріледі.

Еңбек • 14 Қаңтар, 2025

Қапысыз істің қайыры

Мемлекет кәсіп бастаймын деген азаматқа қолдау білдіруге қашанда әзір. Тек ниетіңіз түзу болса болғаны. Соның бір жарқын мысалы, көпбалалы әрі жалғызбасты әке Бекзат Өтежанов 1,5 млн теңге қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін бастады. Бұл игілікті іске Қаратал аудан әкімдігі мен жергілікті прокуратура мұрындық болды.

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2025

Білім ұясының мәртебесін биіктетті

Қазақ даласындағы алғашқы білім ордаларының бірі – «Мамания» мектебінің 125 жылдығына орай «Қара­ғаш­­тағы білімнің қара шаңы­рағы» атты облыстық бай­қау өтті. Онда әр ауданнан келген білікті мамандар бақ сынады. Байқауды облыс­тық білім басқармасы мен Ақсу аудандық білім бөлімі ұйымдастырды.

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Талдықорған қаласында әлеуметтік осал топ өкілдері рет-ретімен тұрғын үйге қол жеткізіп жатыр. Электронды кезек ешкімді алаламайды. Бәрі қала басшылығының қадағалауында тұр. 2024 жылы өңірде тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд теңге бөлінді. Қаржы 56 көпқабатты, 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Сөйтіп, облыс орталығында бірнеше отбасы қоныстойын тойлап, талай жылдан бері күткен пәтеріне кірді.

Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025

Екіжақты пайдалы меморандум

Өңірдегі медицинаның әлеуетін арттыру үшін жаңа технологиялар ғана емес, соның тілін білетін маман ауадай қажет. Осы орайда облыс әкімдігі мен Президенттің Іс басқармасы Медици­на­лық орталығы өзара ынты­мақтастық туралы Меморандумға қол­ қойды. Мұндағы мақ­сат – инновациялық әдістемелерді дамытуда екіжақты білім мен тәжірибе алмасу. Сол ар­қылы жергілікті дәрігер­лер білімін шыңдай­ды.

Яндекс.Метрика