
Кәсіпкер • 05 Қазан, 2024
«Даму» қоры биыл өңірде 790 жобаға субсидия беру туралы келісім жасады. Жалпы несие құны 31 млрд теңгені еңсерді. Облыста 2010 жылдан былтырға дейін мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 11,3 мың жаңа жұмыс орнын ашқан.
Шаруашылық • 03 Қазан, 2024
Тиімді келісім табысқа бастайды
Әлемдік бренд қалыптастырған «PepsiСo» компаниясы алдағы екі жылда Алматы облысында әйгілі «Lay’s» чипсілерін шығаратын зауытты іске қосуды ойластырып отыр. Жаңа зауыт өзіне керек шикізатты шетелден тасымалдамайды. Құнары бар жергілікті өнімге көзі түсіп, еліміздің бірнеше шаруа қожалығымен ынтымақтастықты жедел бастап кеткен. Келісімге келгендердің бірі Осакаров ауданы Ақпан ауылындағы шаруасы шалқыған «Найдоровское» ЖШС чипс сұрыпты картопты биыл алғаш рет өсірді.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2024
Биыл наурызда «Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды азаматтық қоғам күштерімен әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды іске асыру» жобасы бастау алған еді. Бұған үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтардың көмегі кәдімгідей кәдеге жарап отыр.
Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл елімізде егіс және егін жинау жұмыстарына 580 млрд теңге көлемінде рекордтық қаржы бөлінді. Бұған қоса ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға бағытталған сома да бес есе ұлғайтылды. Біздің аймақтың егіс алқабындағы жұмыстар да бірер күнде саябырсығалы тұр.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2024
Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана шежіресі мол сыр шертеді. Алғаш 2 мыңнан аса кітап қоры бар кітапхананың бүгінгі қазынасы 400 мыңнан асады. Жақында ғана тоқсан жылдық торқалы тойын тағылымды етіп өткерген мәдени шаңырақ жүзжылдық жылнамаға бет алды.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2024
Өткенді зерделейтін экспедиция
Биыл Жошы ұлысының құрылғанына – 800 жыл. Осыған орай Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Талас –Ұлытау – Сарайшық» республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясын ұйымдастырған еді. Елден аттанған ғылым керуені арнайы дайындалған маршрутпен киелі жерлерді аралап жүр.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2024
Энергия үнемдейтін қазандықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тозған энергетика инфрақұрылымының әзер жұмыс істеп тұрғанын, оның қуатын үдету қажеттігін айтып, үнемі назарында ұстап отыр. Биылғы жылыту маусымына аймағымыздағы аудан, қалалар қамданыс үстінде. Әсіресе Саран қаласының халқы үшін жылудың жырына нүкте қойылатын күн жақындап қалды. Жасырмаймыз, мұндағы орталық қазандықтың құрылысы ұзаққа созылды. Енді ел күткен қазандық қаланы «қайнатады».
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2024
Торқалы өткен тоқсан жылдық той
Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы торқалы тоқсан жылдық тойын атап өтті.
Тарих • 21 Қыркүйек, 2024
Елден аттанған экспедиция — көне Таразда
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Талас-Ұлытау-Сарайшық» атты республикалық тарихи-этнографиялық экспедицияны ұйымдастырды. Кеше бір топ тарихшы-ғалым, экспедиция қатысушылары жолға шығып, Таразға жетті.
Өндіріс • 20 Қыркүйек, 2024
Саран индустриялық аймағында орналасқан «QazTehna» ЖШС – автобус құрастырумен аты шыққан компания. Төрт жылдың ішінде Қарағанды автопаркін ғана жаңартқан жоқ, Астана, Шымкент, Алматы және басқа да қалаларға автобус құрастырып беріп отыр. Күніне төрт-бес автобус жолға шығады. Мұндағы 700-ден асатын жұмысшылардың 70 пайызы – Саран қаласының тұрғындары. Мемлекет басшысы Жолдауда Саранда өндіріс орындарының іске қосылып, соның арқасында елді мекеннің моноқалалар санатынан шығарылғанына тоқталып, осы тәжірибені қолдану қажеттігін үлгі еткен еді. Бұған «QazTehna» ЖШС-нің қосып отырған үлесі қомақты.