Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
473 материал табылды

Экология • 13 Маусым, 2024

Ең басты міндет – экомәдениетті қалыптастыру

Қарағанды облысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Барлық қала мен ауданда тек сенбілік қана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын түрлі іс-шаралар әлі де ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, жақында Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде жастардың қатысуымен экологиялық квест өтті.

«Таза Қазақстан» • 13 Маусым, 2024

Саф ауа, саламатты ұлт

Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы экология мәселесіне ерекше басымдық беріліп келеді. Бұл – бірреттік науқан емес, жалпыұлттық деңгейде тазалық сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді шара екені белгілі. Сондықтан акция тек сенбілікке шығумен шектелмейтіні түсінікті. Осы орайда таяуда Теміртауда «Саф ауа» атты экологиялық форум өтті.

Аймақтар • 12 Маусым, 2024

Интернеттің сапасы артады

Шалғай ауыл мектептерінің енді интернеті жақсарады. Олай дейтініміз, «Starlink» технологиясының көмегімен 106 мектептің интернет жылдамдығы артады. Мұндай игілікті іс республикалық ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп жасалды.

Өндіріс • 11 Маусым, 2024

Сапалы сүт тағамын өндіреді

Тоқырау жылдары Теміртау сүт зауыты жұмысын тоқта­тып, қараусыз қалған. Зауытты ұры-қары торуылдап, біраз мүлкін қолды қылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін бір кездері дүрілдеп жұмыс істеген зауытты қайта қалпына келтіріп, іске қосу үшін сегіз ай уақыт жұмсалған.

Білім • 11 Маусым, 2024

Жаңа оқушылар сарайы

Жас ұрпақтың сапалы білім алуымен қоса, жан-жақты дамып жетілгені келешек үшін аса маңызды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей назар аударып отырған мәселесі. Осы мақсатта Қарағандыда «Кәусар» оқушылар сарайы есігін ашты.

Театр • 07 Маусым, 2024

Сахнада – «Қара орамал»

Зұлмат жылдардың зобалаңы. Алаш жұртына төнген азап. XX ғасырдағы қасірет. Қанды қасап. Қабырғасына қан қатқан Қарағанды лагері. Ақтаңдақ ақиқат. Алаш жырының ардакүреңі атанған ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэма-реквиемі – ғасырдың қайғысы, адамзаттың аза жыры. Біздің бұл жолғы айтпағымыз сол поэма-реквием негізінде дайындалған қойылымды Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенттері сахнаға сәтті алып шықты.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2024

Ономастика – елдік іс

Ономастикаға ыждағаттылықпен қарап, елдік мәселені назардан тыс қалдыруға болмайтыны белгілі. Өйткені шамасы келсе көкесінің атына көше, атасының атына ауыл атауын бергісі келетіндер аз емес. Мұндай мәселемен, әсіресе, министрлік жиі ұшырасады. Министрліктер үйіне елден қол жинап алып, ұсыныс жіберетіндер жетіп артылады.

Өнер • 30 Мамыр, 2024

Арқа театрының абыройы

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма теат­ры Уфада өткен ұлттық театрлардың халықаралық Vlll фестивалінде «Үздік ер адам рөлі үшін» аталымын және арнайы жүлдені еншілеп қайтты.

Қоғам • 30 Мамыр, 2024

Кәсіби бағдардың берері көп

Бүгінде ерекше балалардың қажеттіліктерін өтеу мәселесі қоғамда өткір тұр. Президент: «Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар көбейіп барады. Балалар ­сапалы қызмет алу керек», деген болатын. Тек білім беріп қана қоймай, оларға кәсіптік бағдар көрсетуде тіпті, екі есе жауапкершілік бар. Сол ерекше балаларды мамандыққа ерте жастан бейімдеу мәселесіне «Аяла» қоғамдық қоры ­бейжай қарамай, көп жылдан бері жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Қоғам • 30 Мамыр, 2024

Ең үлкен ерікті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы айма­ғымызда айтарлықтай сипат алды. Аудан, қала, ауылдағы ағайын игілікті іске бір кісідей атсалысып жатыр. Әсіресе Шет ауданының Талды ауылында тұратын 72 жастағы Рымтай әжей Әбенқызының көк тракторын тізгін­деп, қыс бойғы жиналған күл-қоқысты сыртқа тегін тасып беруі – таңғалдыратын жайт.