
Жобаны іске асырушы «Силумин оф Қазақстан» ЖШС – өңдеу өнеркәсібін дамытуға және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «Даму» қоры, BV Management, өнеркәсіп министрлігі және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ESG-қағидаттарын енгізуге инвестиция салатын жас қазақстандық компания.
Кәсіпорын еліміздегі ең ірі радиатор өндірушіге және импорт алмастыратын маңызды нысандардың біріне айналады деп күтіледі.
Бірінші кезеңнің өндірістік қуаты жылына 5,5 миллионға жуық секцияны құрайды. Инвестицияның жалпы көлемі – 35 миллион АҚШ доллары.
Кәсіпорында 220 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Бұл машина жасау, металлургия және химия саласындағы білікті мамандарды тартуды талап етеді. Бұл үшін компания қазірдің өзінде өңірдің колледждерімен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатып үлгерді.
Қарағанды облысы