Аймақтар • 20 Мамыр, 2021
Қостанай облысының ветеринарлары Ұзынкөл ауданына қарасты Сатай ауылында 24 бас ірі қарадан бруцеллез анықтады. Жұқпалы дерт зертханалық талдау арқылы анықталғанымен, мал иелері мамандар шығарған шешімге сенбей отыр. Өйткені ауру анықтала салысымен, ауылда арзан мал іздеген бейтаныс кәсіпкерлер пайда болып, тұрғындардың күмәнін қоюлата түскен.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2021
Қостанайда Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанынан Ұлт денсаулығы мәселелеріжөніндегі қоғамдық кеңес құрылып, бүгін алғашқыотырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2021
Қостанай облысында көлік өрті жиілеген
Қостанай облысында соңғы кездері автокөліктердің өртенуі жиілеп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2021
Қостанай облысында Қызғалдақтар фестивалі өтті
Қостанай облысында жыл сайын көктемде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұратын Қызғалдақтар фестивалі биыл «Айналдым сені, атамекенім!» деген атпен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2021
Биыл Қостанай облысының 1 250 тұрғыны «Бастау бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, жеке кәсіп ашу мүмкіндігіне ие болып отыр. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Мысалы, екі көзі нашар көретін Андрей Зелевский үш жылдан бері тұрмыстық қалдықтарды өңдеумен айналысады. Таяуда мемлекет грантын ұтып алған Андрей кәсібін кеңейтіп, көзі нашар көретіндердің жүріп-тұруына ыңғайлы тактильді плита өндірісін ашты.
Қоғам • 18 Мамыр, 2021
Өрт сөндірушіге құрмет көрсетілді
Қостанай облысына қарасты Әулиекөл аудандық өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында азаматтық қорғаныс ардагері, ішкі қызмет подполковнигі Қайырбек Қабиевке мемориалдық тақта орнатылды.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Қостанайда аумақтық инспекция басшысы қамауға алынды
Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2021
Аида Балаева Қостанайға жұмыс сапарымен келді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қостанайға жұмыс сапары барысында облыстық телеарнаның 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты. Басқосу барысында телеарнаның 14 тілшісі Министрліктің құрмет грамоталарымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2021
Мас жүргізуші – қауіпті қылмыскер
Мас күйінде көлік жүргізгендерге заң жазаны қатайтқанына қарамастан, «ащы су» ішіп алып, темір тұлпар тізгіндейтіндер айыл жияр емес. Бұған Қостанай облысының тәртіп сақшылары өткізген «Мас жүргізуші – қылмыскер» атты екікүндік алдын алу шарасы дәлел бола алады.
Қоғам • 12 Мамыр, 2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған велошеруге облыстық, қалалық және Қостанай аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Таңертеңгілік бір-бір велосипед мінген халық қалаулылары қала шетімен 14 шақырым жүріп өтіп, Тобыл жағалауындағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы саябаққа келіп тоқтады. Велошеруді жол полициясы мен жедел жәрдем көлігі бастап жүрді.