
Аймақтар • 10 Қараша, 2021
Қостанай облысында табиғи ортадағы ауа мен суды зерттеп, оның құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Эколог мамандар, әсіресе, «Қостанай минералдары» АҚ, «Тоқтар» «МК», «Варваринск» АҚ мен «Бренд» және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қарасты кен орындарының маңайындағы өзен-көлдердің ластану деңгейін анықтауға көп көңіл бөліп отыр.
Аймақтар • 09 Қараша, 2021
Қостанай облысында мобильді кино фестивалі өтіп жатыр. Фестивальге жасы 16-дан асқан, бойында қабілеті, қалтасында смартфоны бар кез келген тұрғын қатыса алады. Ең бастысы, шағын фильмде әуесқой автордың шығармашылық ізденісі айқын көрінуге тиіс.
Өнер • 08 Қараша, 2021
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Жас толқын» республикалық фестивалі өтті. Байқаудың қорытынды кезеңінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарынан келген жас суретшілер мен мүсіншілердің, қолөнер шеберлерінің туындылары көрмеге қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, он жыл бойы облыс көлемінде ұйымдастырылып келген дәстүрлі шара осымен үшінші жыл республикалық деңгейде өтіп отыр.
Спорт • 05 Қараша, 2021
Қостанайда биылғы маусымдағы ел чемпионы «Тобыл» футбол клубын марапаттау рәсімі өтті. Жастар сарайындағы салтанатты рәсімге Қазақстан футбол одағы федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин арнайы келіп қатысты.
Өнер • 03 Қараша, 2021
Өнер мектебіндегі өнегелі шара
Амангелді ауданындағы Төкен Елтебаев атындағы музыка мектебінде Батпаққара өңіріне белгілі өнерпаз, ұлағатты ұстаз Сәндібек Әубәкірұлы атындағы баян сыныбы ашылды.
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың
Қостанайда «Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күн бойы елді елеңдетіп, Тобыл өңірі тұрғындарын тұмса өнердің тұнығына сусындатқан айтулы жыр сайысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналды.
Аймақтар • 29 Қазан, 2021
Қостанайда «Ыбырай оқулары» атты дәстүрлі байқау өтті. Биыл ұлы ағартушының 180 жылдығына орай облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен өңірлік білім жарысына 18-29 жас аралығындағы 40-қа жуық үміткер қатысты.
Коронавирус • 29 Қазан, 2021
Қостанай облысында жыл басынан бері 443 сәби коронавируспен ауырып шыққан. Қазір өңірде 8 бүлдіршін инфекциялық стационарда жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанованың айтуынша, бүгінде Қостанайдағы инфекциялық орталықта 50 шақты жүкті әйел емделуде. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Аймақтар • 29 Қазан, 2021
Қостанай автозауыты 150 мыңыншы автокөлігін шығарғанын мәлімдеді. Өндірістік желіден шыққан жап-жаңа 150 мың көліктің соңында орта табысты тұрғындардың қалтасы көтеретін әрі сапасы жағынан да елдің қолайына жағып, көпшілік көңілінен шыққан Chevrolet Nexia үлгісіндегі жеңіл автокөлік тұр. Бұл көлік Қазақстанның автомобиль нарығында кең сұранысқа ие әрі сатылым жағынан да өзге модельді көліктерден көш ілгері. Биыл үш тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде 9 мыңнан астам тұрғын Тобыл өңірінде құрастырылған Chevrolet Nexia көлігін сатып алған.
Аймақтар • 28 Қазан, 2021
Қарабалықтағы қарттар үйі жабылды
Қарабалықтағы қарттар үйі жұмысын тоқтатты. Көп жылдар бойы бұл мекемені кемтар жандар да паналап келген еді. 6 қазанда аталған мекеменің моншасынан өрт шығып, интернат ғимаратының шатыры жанып кеткен болатын.