
Аймақтар • 02 Сәуір, 2023
Рудныйда ERG GeoHub керн қоймасы ашылды
Геологтар күніне орай пайдалануға берілген ERG GeoHub керн қоймасы 320 млн теңге қаржыға салынған. Кешеннің ашылу рәсіміне ИжИДМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров, ERG Бас директорының жобалар және даму жөніндегі орынбасары Ардақ Нұразханов, сонымен қатар, ірі тау-кен және геологиялық барлау компанияларының басшылары қатысты.
Білім • 29 Наурыз, 2023
Тексеріс нәтижелері көңіл көншітпейді
Қостанай облысындағы білім нысандарының үштен бірі қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Сыныпта отырған балаға сырттан төнер қауіптің алдын алу мақсатында таяуда ғана білім мекемелеріне жүргізілген тексеру шаралары барысында бірталай олқылықтар анықталып отыр.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2023
Күн көзіне шағылысып жатқан қырдың жұқа қары күрт ерісе, дүлей күшке айналады. Сай-саладан жылғалап жылжып, кең арнаға түскен соң арқырай жөнелетін көктемнің қызыл суы Жангелдин ауданын қыспаққа алып жатыр. Ал осыдан үш жыл бұрын салынған Шилі ауылындағы бөгетті тасқын су шайып кетті.
Қоғам • 28 Наурыз, 2023
Қостанай өңіріне белгілі ақын, білім беру саласының үздігі Александра Суслованың «Екі дос, Боран және скрипка» деп аталатын повесі бар. Кішкентай Данияр мен Данилдің басынан өткен қызықты оқиғаларға құрылған ұзақ әңгімеде екі баланың арасындағы шынайы достық тарихы баяндалады. Туынды былтыр Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық байқаудың ең үздік шығармасы деген бағаға ие болды.
Мектеп • 28 Наурыз, 2023
Ауыл мектептеріне – 28 автобус
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында келген автобустарды өңірдегі аудандық білім бөлімдерінің басшылары қабылдап алды. Маңдайында «Балалар!» деген жазуы бар су жаңа сары автобустар шалғай ауылдарда тұратын оқушыларды мектепке таситын болады.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2023
Қостанай полицейлері тал түсте қалаға кіріп кеткен елікті құтқарып қалды. Адасып келген дала еркесін қала шетіндегі Карбышев көшесінің тұрғындары байқаған.
Су тасқыны • 27 Наурыз, 2023
Торғай өңіріндегі Ақкөл мен Ахмет ауылының арасындағы күре жолды су басып кетті. Шалғайда жатқан екі елді мекеннің арасы шамамен 10 шақырымдай болады. Төте жол су астында қалғандықтан, тұрғындар бір ауылдан екінші ауылға бару үшін үлкен көлді айналып өтіп, жолсыз даламен 60 шақырым жүріп өтуге мәжбүр болып отыр.
Жәдігер • 27 Наурыз, 2023
«Ұлы дала әміршілері» Қостанайда
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлы дала әміршілері» атты ерекше көрме ашылды. Музейдің бас ғимаратындағы үлкен залдан орын алған жүзге жуық көзайым жәдігердің бәрі ел астанасындағы Ұлттық музейден әкелінген.
Марапат • 27 Наурыз, 2023
«Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз...». Кейінгі буын жастардың ішінде хәкім Абайдан қалған аманатқа адал, ғылымсүйгіш балалардың көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Мысалы, таяуда ғана Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жүрген үш бірдей оқушы Бельгия астанасы Брюссельде өткен «Student Research Conference» халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды.
Ұстаз • 26 Наурыз, 2023
Қостанай қаласындағы №7 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүрген жаңашыл мұғалімдердің республикалық семинары өтті. Ұстаздардың оқу-әдістемелік шеберлігін ұштау мақсатында ұйымдастырылған жиынға онлайн режімде Павлодар, Көкшетау, Қарағанды қалаларының жас мұғалімдері қатысты.