
Әдебиет • 28 Ақпан, 2024
Қостанайдағы облыстық кітапханада балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. «Балалар әлемін таңғалдырған талант» деп аталатын тақырып аясында өткен іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Рудныйда тұрып жатқан ағайынның бір қалауы – қалада бұрыннан сіресіп тұрған идеологиялық тұрғыдан әбден ескіріп-тозған, қаулап өсіп келе жатқан кейінгі жастарға тарихы мүлде белгісіз дүдәмал көше атауларынан арылып, тәуелсіздік үшін ақыл-қайратын сарп етіп, жанын пида еткен Алаш ардақтыларының, мемлекет қайраткерлерінің есімдерін орнықтыру. Алайда мұндай ұсыныстан кейін өрбіген жағдай бұл істе әлі де түрлі кедергі көп екенін көрсетіп отыр.
Қылмыс • 27 Ақпан, 2024
Кейде орынды-орынсыз жерде көлік тоқтатып, құжат көрсетуді сұраған полиция қызметкерлеріне реніш білдіріп жатамыз. Бірақ мұндай тосын тоқтатулардың көбіне-көп қоғам қауіпсіздігі үшін жасалатынын да біліп жүру керек. Өткен сенбіде дәл осындай жағдай болды.
Медицина • 27 Ақпан, 2024
Аурухана құрылысының бітпес дауы
Төрт жылдан бері Қостанай облыстық балалар ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай тұр. Әу баста мердігер компания өзіне міндеттелген жұмысты жарты жылдың ішінде аяқтап, жаңарған ғимаратты қайта тапсырып беруге тиіс еді. Өкінішке қарай, аурухана ғимараты әлі бос тұр, тоқырап қалған жөндеу жұмыстары жанданар емес.
Қоғам • 26 Ақпан, 2024
Қарулы қарақшы ұзап кете алмады
Кейде орынды-орынсыз жерде көлік тоқтатып, құжат көрсетуді сұраған полиция қызметкерлеріне реніш білдіріп жатамыз. Бірақ мұндай тосын тоқтатулардың көбіне-көп қоғам қауіпсіздігі үшін жасалатынын да біліп жүру керек. Өткен сенбіде дәл осындай жағдай болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 26 Ақпан, 2024
Қостанайда тігін фабрикасы ашылды
«Азурит» 2018 жылы он шақты адам жұмыс істейтін шағын ғана тігін цехы еді. Әдетте жеңіл өнеркәсіптің нарықтағы жолы ауырлау болып келеді.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2024
Параспортшы Динара Құтжолова жергілікті құрылыс компаниясының басшысы Қанат Сәлімгереевтің қолынан су жаңа қос бөлмелі пәтердің кілтін алды. Дзюдодан өткен жылғы Азия параойындарының қола жүлдегері таяу күндері Тобыл қаласының «Нұрай» жаңа шағын ауданындағы өз пәтеріне қоныстанады.
Волонтер • 22 Ақпан, 2024
Облыстық жастар ресурстық орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып отыратын «Қар десанты» акциясының жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмегі мол. Қайырымдылық акциясы аясында ерікті жастар кейінгі бір жарым айдың ішінде 500-ге тарта ауланың қарын тазартып шыққан.
Музей • 22 Ақпан, 2024
Ресей музейлеріндегі жәдігерлер
Кейде өзіңе керек бір дүниені іздеп отырып басқа бір қызықты дерекке тап болатын жағдайлар болады. Таяуда Ресей музейлерінің сайтын ақтарып отырып, Жамбыл ақынға қатысты бірнеше қолөнер туындысын кездестірдік.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада әдебиеттегі алыптар тобының өкілі, көрнекті жазушы, драматург Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты көрме ашылды.