Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1854 материал табылды

Медицина • 27 Ақпан, 2024

Аурухана құрылысының бітпес дауы

Төрт жылдан бері Қостанай облыстық балалар ауруханасын­дағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай тұр. Әу бас­та мердігер компания өзіне міндеттелген жұмысты жарты жылдың ішінде аяқтап, жаңарған ғимаратты қайта тапсырып беруге тиіс еді. Өкінішке қарай, аурухана ғимараты әлі бос тұр, тоқырап қалған жөндеу жұмыстары жанданар емес.

Қоғам • 26 Ақпан, 2024

Қарулы қарақшы ұзап кете алмады

Кейде орынды-орынсыз жерде көлік тоқтатып, құжат көрсетуді сұраған полиция қызметкерлеріне реніш білдіріп жатамыз. Бірақ мұндай тосын тоқтатулардың көбіне-көп қоғам қауіпсіздігі үшін жасалатынын да біліп жүру керек. Өткен сенбіде дәл осындай жағдай болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Өндіріс • 26 Ақпан, 2024

Қостанайда тігін фабрикасы ашылды

«Азурит» 2018 жылы он шақты адам жұмыс істейтін шағын ғана тігін цехы еді. Әдетте жеңіл өнеркәсіптің нарықтағы жолы ауырлау болып келеді.

Аймақтар • 25 Ақпан, 2024

Параспортшыға пәтер сыйлады

Параспортшы Динара Құтжолова жергілікті құрылыс компаниясының басшысы Қанат Сәлімгереевтің қолынан су жаңа қос бөлмелі пәтердің кілтін алды. Дзюдодан өткен жылғы Азия параойындарының қола жүлдегері таяу күндері Тобыл қаласының «Нұрай» жаңа шағын ауданындағы өз пәтеріне қоныстанады.

Волонтер • 22 Ақпан, 2024

Еріктілер сақадай сай

Облыстық жастар ресурс­тық орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйым­дас­тырып отыратын «Қар десанты» акциясының жал­ғызілікті қарттар мен мүм­кіндігі шектеулі жандарға көмегі мол. Қайырымдылық акциясы аясында ерікті жастар кейінгі бір жарым айдың ішінде 500-ге тарта ауланың қарын тазартып шыққан.

Музей • 22 Ақпан, 2024

Ресей музейлеріндегі жәдігерлер

Кейде өзіңе керек бір дүниені іздеп отырып басқа бір қызықты дерекке тап болатын жағдайлар болады. Таяуда Ресей музейлерінің сайтын ақтарып отырып, Жамбыл ақынға қатысты бірнеше қолөнер туындысын кездестірдік.

Қоғам • 19 Ақпан, 2024

Бейімбет белестері

Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада әдебиеттегі алыптар тобының өкілі, көрнекті жазушы, драматург Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты көрме ашылды.

Театр • 18 Ақпан, 2024

Арқалықта өнер апталығы өтті

Арқалық қаласындағы облыстық қазақ жас­өспі­рімдер театрында еліміз­дегі ең білікті деген театр сыншыларымен тәжірибе алмасу апта­лығы өтті. Біртуар жазушы, қазақ көркемсөзінің хас шебері Бейімбет Май­линнің 130 жылдығы аясында ұйым­дастырылған іс-шараға Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер ака­де­миясының театр­­­танушы ғалымдары қатысты.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2024

Аман-есен табылды

Полиция қызметкерлері қарлы боранда адасып кеткен тағы бір адамды ажалдан арашалап қалды. Жоғалған азамат түн ортасында айдалада құлап жатқан жерінен табылып, аман-есен анасының қолына табыс етілді.

Білім • 15 Ақпан, 2024

Балабақшадағы бөбектер далада қала ма?

Қалалық білім бөлімі Қостанайдағы мектеп ғимараттарының бір қанатын жалға алып отырған 9 балабақшадан өз орындарын босатуды талап етіп жатыр. Себебі соңғы жылдары оқушылар саны шектен тыс көбейіп кеткендіктен, мектептердің өздері де сынып бөлмелерін жеткізе алмай, қиын жағдайда отыр. Ал мұндай тосын шешімді бір күн бұрын ғана естіген ата-аналар БАҚ өкілдерін шақыртып, білім саласы басшыларының шешімімен келіспейтіндерін айтты.