Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1603 материал табылды

Жоба • 22 Қаңтар, 2024

Студенттің смарт жобасы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Саят Өрікбаев «Smart Bench» жобаcын іске асыруға кірісті. Ол күн сәулесінен қуат алатын орындықтарды орнатып, кампус ландшафтын өзгерткісі келеді.

Саясат • 22 Қаңтар, 2024

Аймақ жобасына қызығып тұр

Қызылордаға Чех Республикасынан бизнес өкілдері келіп, өңірдегі инвестициялық жобалармен танысты. Шетелдіктер Сырдағы балық өнімдерін экспорттау, энергетикалық жобалар мен мұнай-газ құбырлары өндірісіне қызығушылық танытып отыр.

Қоғам • 21 Қаңтар, 2024

Қайраткер жазбалары

Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері Қы­рымбек Көшербаевтың «Ай­налайын, Азаттық!» кі­табының тұсаукесері өтті. Зиялы қауым өкілдері бас қосқан рәсімде облыстық кітапхана директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжа­сов тірліктің ащысы мен тұщы­сы, бейнеті мен зейнеті баяндалған бұл туынды қайраткер өмірінің өнегелі сөзі екендігіне тоқталды.

Руханият • 17 Қаңтар, 2024

Насабнама сыр шертеді

Қызылордадағы облыстық тарихи-өлкетану музейі ел қолында сақталған талай жәдігерді жарыққа шығарып, ортақ игілікке айналдырып келеді. Жуырда музейде қазақ еліне Ислам дінін таратушы тұлғалар жайлы шежіренің қазақшаға аударылған нұсқасы таныстырылды.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024

Үнемдегеннің үлесі көп

Сырдария арнасы кейінгі жылдары елді алаңдатып-ақ тұр. Бұрнағы жылдары жазда солып аққан өзен қыста толып, лықсыған мұз арнадан асып, жұрт әбігерге түсіп жататын. Қазір ол ұмытылды. Торғай миын қайнатар жазда жылғасы жылтырап қалса, қыста да бұрынғы жағалауына жете алмай жүр. Осыдан да көлден балық сүзгендер мен несібесін жерден тергендер «Балықшы күнде – арманда, егінші жылда – арманда» дегеннің кебін киіп отыр.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024

Журналистер мінген көлік жол апатына ұшырады

Бүгін түске қарай Жаңақорған ауданындағы Құттықожа ауылына бара жатқан Toyota Hiace автокөлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 11 Қаңтар, 2024

Кіші Аралдан күй кетсе...

Жалпы кезінде жарыса аққан Әму мен Сыр қатар толтырған теңіздің кешегісін көріп, айдынында жүзгендердің әңгімесін тыңдасаңыз қазіргі Кіші Аралды кәдімгідей қомсынып қаласыз. Дегенмен де ұшан теңіздің осы алақандай пұшпағын аман алып қалу оңай болған жоқ. Жергілікті жұрт сонау 1989 жылы-ақ ұлы теңізден бөлінген айдынның алдын әлденеше рет бөгеп, суы аса тұзданып, тіршілігі тоқтауға жақын қалған шалқар суды сақтап қалудың қамын жасаған. Бірақ су молайып, тұздылығы азайған жойқын су құмнан тұрғызылған бөгетті әлденеше рет шайып, талай мәрте еңбек еш кетті. Ұлы теңізге құлаған мол сумен бірге мыңдаған тонна балық ығып, ащы суда қырылып қалды.

Медицина • 10 Қаңтар, 2024

Бауырына бүйрегін берді

Дер кезінде дәрігерге қаралса, қай аурудың да алдын алуға болады. Дегенмен сырбойылық дәрігерлер кейінгі жылдары аймақта бүйрек ауруына шалдыққандар арасында жастардың қатары артып бара жатқанына алаң болып отыр. Экологиялық аймақ саналатын өңірде оның себебін де алыстан іздеудің қажеті жоқ. Сондықтан да дер кезінде скринингтік зерттеу­лерден өткен дұрыс екенін айтады мамандар.

Кәсіпкер • 09 Қаңтар, 2024

Бесарықтағы бөдене фермасы

Қызылорда қаласының іргесінен орын тепкен Бесарық – жұрты жаңалық пен жақсылыққа жұмылған ауыл. Бүгінде Сырдария ауданына қарасты бұл ауылдағы әр шаңырақ мал ұстап, облыс орталығын етпен қамтамасыз етіп отыр. Жыл тоғысында осы берекелі Бесарықта бөдене фермасы ашылды.

Ауыл • 27 Желтоқсан, 2023

Бес ауылға газ жетті

Қызылорда облысында елді мекендерді газдандыру жүйелі түрде жалғасып жатыр. Биыл да 12 ауылға «көгілдір отын» кіріп, аймақты газбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетті.