Күдіктінің үйін тінту барысында 2 полиэтилен пакет пен қағазға оралған 6 шағын түйіншек, 300-ден астам сіріңке қорабына салынған кептірілген шөп тектес заттар тәркіленген. Бәрінің жалпы салмағы 800 грамнан асып отыр.

Тінту кезінде тіркеуде жоқ 1 аңшы мылтығы және 21 гильза да табылған. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып кетті.