Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
1021 материал табылды

Өнер • 11 Қараша, 2021

Ахматова: Өлең. Портрет. Өмірбаян.

Әдебиетте бейнесі аңызға айналған ақындар болды. Соның бірі – Ахматованың портреттері. Оның суретін Амедео Модильяни мен Кузьма Петров-Водкин, Иосиф Бродский мен Алексей Баталов салған. Өнертанушы Эрих Голлербах айтқандай, «Ахматованың портреттерінде ондаған сыншының кітаптарына қарағанда әлдеқайда көп шындық бар» деседі.

Әдебиет • 22 Қазан, 2021

Сайынды не үшін оқимыз?

Бүгінгідей күздің қоңыр салқы­нын­да себепсіз Сайын­ды оқығың келетіні қы­зық. Әрине, кезекті рет. Сөреңде оқылмаған түр­лі кітаптар сықиып тұр­са да, дәл осы мезгілде ешқай­сысына зауқың болмай­ды. Іштегі бір да­уыс «Қылауды», «Жабайы алма» мен «Жусан исін» іздеп тұрады. Иә, көңіл күй де кітап талғайды. Әсі­ресе, күрең күздің сары-ала сағынышқа толы күндерінде кейіпкер-Әсет­пен («Басында Үш­қара­ның») бірге сонау өлкедегі туған ауылға, алыс-алыс қыраттарда қалған ба­лалық шаққа – жып-жылы естеліктерге сапар шеккіміз келер. Әлде күн суыса, Сайынға тар­татын Аянның көкесінің жусан исі сіңген күпәйкесі ме екен...

Саясат • 15 Қазан, 2021

Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы

Ел астанасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, депутаттар мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Өнер • 14 Қазан, 2021

Әмина – Италия сахнасында

Алматылық өнерпаз Әмина Арыстанбек Италияда өтетін дәстүрлі халықаралық фестивальге жолдама алды. Sanremo Junior-2021 байқауының финалына өткен 10 жастағы қыз Армения, Украина, Ресей, Ита­лия, Мальта және Израил­ден қатысатын жас талант­тар­мен бірге бақ сынайды. Айта ке­тейік, фестиваль 11-14 қазан ара­лығында өтеді.

Өнер • 14 Қазан, 2021

Мәдени байланыстар мәйегі

Қазақстандағы Ресейдің Мәдениет күндері аясында Ұлттық музейде «Вологда шілтері» атты көрме ашылды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі ұйымдастырған іс-шараның ашылуына Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Ольга Ярилова қатысты.

Өнер • 06 Қазан, 2021

«Бала дауысы» – бірегей жоба

Бүгін ел астанасында Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен һәм Мәдениет және спорт минис­трлігінің, Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Бала дауысы» ән байқауының бірінші финалдық концерті өтеді. 

Қазақстан • 04 Қазан, 2021

Мәдени байланыс нығайды

Қазан айы Қазақстанда Беларусь Респуб­ликасының мәдениет күндері аясында елорда жұртшылығы «Керуен» ойын-сауық және сауда орталығындағы кинотеатрдан 10-нан астам беларусь фильмін тегін тамашалады.

Өнер • 30 Қыркүйек, 2021

ЭКСПО көрмесінде

Astana Ballet Дубайдағы ЭКСПО-2020 бүкіләлемдік көрме­сінде екі қойылым көрсетеді. Ду­бай опера сахнасында 27-28 қазан күндері «Махаббат туралы аңыз», ал 29-30 қазанда «Бейбарыс сұл­тан» балеті ұсынылады.

Кино • 27 Қыркүйек, 2021

Қазақ тілінде дубляждалады

Елімізде «Кинематография туралы» заңға сәйкес фильм­нің түпнұсқасын міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау тала­бы енгізілмек.