Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
764 материал табылды

Руханият • 20 Наурыз, 2020

«Қорқыт» орындаған «Ғасырлар маржаны»

Биыл Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толып отыр. Баба мерейтойы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек ұлы әл-Фарабиге арнап «Ғасырлар маржаны» атты күй шығарды.

Абай • 16 Наурыз, 2020

Абай – сатирик

Сатира терминінің шығу тарихы һәм этимологиясы хақында түрлі болжам-түсініктемелер айтылып жүр. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ежелгі гректерде жүзім өсірушілердің, жүзім шарабын жасаушылардың құдайы Дионистің ән салып, би билеп жүрген жолсеріктерін «Saturos» деп атаған. «Сатира» сөзі осыдан шықса керек. Ал басқа бір зерттеушілердің айтуынша, бұл терминнің түп негізі латынның «Satira» – «смесь» – «аралас, әр нәрсенің қосындысы» сөзінен бастау алған деседі. Кейінірек ежелгі Рим әдебиетшілері сынап-мінеуші, әшкерелеуші сипаты бар шығармаларды Satura деп атапты. Әлқисса.

Абай • 11 Наурыз, 2020

Ақын тойына – академиялық жинақ

Сүйінші сұрауға әлі ерте болса да абайтану іліміндегі алдағы болар жыл құсындай жаңалықты құлағымыз шалып, көңіліміз елеңдеп отыр. Хакім Абайдың 175 жыл­ды­ғы қарсаңында араға ширек ғасыр салып ақынның академиялық басылымы жа­рыққа шықпақ. Ізгі істің аужа­йын білмекке ғылыми жинақты дайындап жатқан М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановпен әңгімелескен едік.

Таным • 27 Ақпан, 2020

Шартараптағы су жаңа шығармалар

Газет оқырмандарына жылдың алғашқы айындағы шетелдік кітап нарығындағы әдеби жаңалықтарды ұсынамыз. Түрлі жанрдағы жаңа шығармалар әлемнің әр бұрышындағы сан тақырыпты қаузайды. Сөзіміздің әлқиссасын Муракамидің жазушылық өмірбаяны жазылған кітаптан бастауды жөн көрдік.

Руханият • 24 Ақпан, 2020

Өзі де, сөзі де сұлу

Қаңтарда орыстың ұлы жазушысы Антон Павлович Чеховтың туғанына 160 жыл толды. Творчествода қысқалық концепциясын ұстанған һәм сонысымен әдебиетке ерекше құбылыс әкелген Чехов ақсақалды әлем әмсе сүйіп оқыды, қазақ оқырманы да жақын тартты. Бүгінгі даңқына жазушылықтың тәтті азабымен жеткен қаламгер «чеховский интеллигент» түсінігін тірідей көрсетіп һәм оның алғашқы зиялысы да өзі болды.

Руханият • 17 Ақпан, 2020

75 күймен рекорд жаңартты

Елорда төрінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы 75 шығарма орындап, күмбір күйден шашу шашты. Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енуді мақсат тұтқан өнер ұжымы қазақ және шетел авторларының 75 музыкалық шығармасын нотаға қарамай, еш бөгеліссіз, құлақ құрышын қандыра орындап шықты.

Таным • 17 Ақпан, 2020

Әуелгі жазудан оқымастың оқуына дейін

Әуелде сөз пайда болған дейді. Әлқисса. Ақпарат бағзы замандардан бе­рі адамдардың аса маңызды құн­ды­лықтарының бірі болып келеді. Натан Ротшильд кемеңгердің: «Ақ­паратты білген адам әлемге иелік етеді» деген сөзі осының дәлелі. Тарихқа көз салсақ, хандар мен тай­па көсемдері, король, князьдер ежелден өз мұрагеріне тек екеуіне ғана мәлім ұлттық құпияларды айтып отырған. Негізінен ең құнды ақпарат мұрагерлік жолмен, яғни жеке отырғанда берілетін.

Саясат • 07 Ақпан, 2020

Елбасының еңселі жолы

6 ақпан күні Елбасы кітап­хана­сында Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың жасам­паз идея­лары мен жаһандық бас­­та­маларына арналған бес ба­­сылымның тұсаукесері өтті.

Әдебиет • 17 Қаңтар, 2020

Айтматов феномені: адам мен адамзат арасы...

Көркем шығарманың атауы әманда авторлық концепциямен, суреткерлік идеямен һәм образдар табиғатымен жымдасып келуі өте сирек құбылыс. Туындының эстетикалық әсерін, бар ой-салмағын сығымдап, бір ғана атауы­на сыйғызып, символдық мәнге айналдыруға, әрине тек шын таланттың ғана қауқары жетпек. «Ана – Жер-Ана», «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Боранды бекеттің» образды мағынаға ие болуының астары осында жатса керек. Бұл қалам-қабілет – сөз өнерінде қырғыз әдебиеті поэтикасының құдіретін танытқан Шыңғыс Айтматовтікі. Адамзаттың зілмауыр проблемаларын там-тұмдап шығармасына төккен суреткер әлем мен адам алдына өмірлік құндылықтарды көрсете алды. Бір шығармасымен екіншісі ұқсамайтын Айтматов шығармашылығының тағдырлы кейіпкерлері Жәмиладан басталып, Танабай, Едігеден асып, Авдий Калистратов, Бостан Үркіншиев болып жалғасты. Қанша «жазылып болды, оқылып бітті» дегенімізбен, Айтматов шығармасына қайта оралып жатамыз. Бүгін де сол дәстүрден жаңылмай, әдебиеттанушы-ғалымдармен Айтматов суреткерлігі хақында ой қозғамаққа бекіндік.

Қоғам • 10 Желтоқсан, 2019

Жастар сыйлығы тапсырылды

Күні кеше ел астанасын­да Қазақстан Республика­сы Үкіметі тағайындаған «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреаттарын салтанатты түрде ма­ра­паттау рәсімі өтті.