Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
764 материал табылды

Руханият • 27 Мамыр, 2020

Көрнекті әдебиетшінің туғанына – 80 жыл

28 мамыр күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалымен бірлесе отырып, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әдебиеттанушы, академик,  филология ғылымдарының докторы Рымғали Нұрғалидың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақ руханиятының ардакүреңі» атты ғылыми академиялық сұхбат өткізіледі.

Әлем • 27 Мамыр, 2020

Пандемия: Стивен стихиясы

Шартарапты шарлаған мына пандемия қоғамға үнсіздік әкелумен қатар жер бетіндегі барша адамдардың тіршілігін құбылтты. Таңның атысы, күннің батысы ары-бері сабылған қауым әдепкі әдетінен жаңылып, тек үйлерінде болды. Ешкім ешқайда асыққан жоқ (һәм кешіккен жоқ): бұрынғы тынымсыз өмір саябырсыды. Бұл карантиннің заты жаман болса да рухани өмірімізге бір пайдасы тиді десек, артық айтпаспыз, сірә. Кітап оқығысы келіп, бірақ әттеген-ай, күнделікті тұрмыстан қолы бір босамай, былайша айтқанда, жұмыстан мойны жар бермей жүрген оқырман үшін бұл бір рахат уақыт болды. Оқимын десе де, жазамын десе де өз еркі (өйткені бос уақыт көп). Сонда патша көңілді оқырман кімді оқыды? Қай жанр талғам парағынан орын алды?

Әдебиет • 22 Мамыр, 2020

Толстой тәмсілі

Өз заманында Толстой ақсақал: «Келешекте жазушылар біз сияқты том-том шығармалар жазбауы мүмкін. Тіпті көркем нәрселерге бару да бірте-бірте тыйылуы мүмкін. Мақалалық дүниелермен шектеліп, соны әдебиет деп есептеп, сондай бағытқа ауып кетуі мүмкін» деген екен. Бұл пайымның айтылғанына да, міне ғасырдан да ұзақ уақыт өтіпті. Әу баста бұны оқыған жұрт «Құдай сақтасындап», алғаусыз кәдік келтіргенмен, Толстой тәмсілі алысқа кетпепті.

Әдебиет • 21 Мамыр, 2020

«Фолиант» баспасы кітап жәрмеңкесін өткізді

Бүгін «Фолиант» баспасы бағасы 100 теңгеден басталатын кітаптарын саудаға шығарып, жаппай сатылымын бастады. 21-23 мамыр күндері өтетін кітап жәрмеңкесі баспа үйінің ауласында өтті.

Әлем • 19 Мамыр, 2020

Американдық журналист Бенджамин Мозер Пулитцер сыйлығын иеленді

2020 жылдың ең үздік биографиясы американдық журналист Бенджамин Мозердің өткен ғасырдың әйдік қаламгері, ағылшындардың әдеби, мәдени кеңістігінде құбылыс болған Сьюзен Зонтагтың (Susan Sontag) өміріне арналған кітабы деп танылды. Америкадағы интеллектуал адамдардың бірі һәм бірегейі деп мойындалған ол творчестводағы әйел образын өз болмысымен көрсеткен еді.

Әдебиет • 17 Мамыр, 2020

Америкалық дипломаттар «Мастер мен Маргаританы» оқыды

Күні кеше өз ісінің хас шебері, жазушы, драматург, театр режиссёрі әрі актер Михаил Афанасьевич Булгаковтың туған күні өтті. Орыс әдебиетінің ұлы өкілі жарық дүние есігін ашқанына биыл 129 жыл.

Әлем • 17 Мамыр, 2020

Пауло Коэльо карантиндегі оқырмандарды қолдады

Бразилиялық жазушы Пауло Коэльо шартарапты шарлаған індетке байланысты оқшауланып жатқан оқырмандарын қолдау мақсатында су жаңа екі шығарма жазды. «Алхимиктің» авторының кезекті туындылары оқушыға қолжетімді һәм тегін.

Әлем • 17 Мамыр, 2020

Толстой үйінің символдары көрсетілді

Ясная Поляна Толстой үйінің символдық мәніне тоқталып, көрерменге автор өмірінде аса маңызды болған заттардың мағынасын ашып берді. Сондай-ақ оқырмандар арасында Толстой ақсақалдың хаттары мен персонаждарына тест ұйымдастарды. Айта кетейік, бұның бәрі «Музей түні» жобасының аясында һәм онлайн режімде өткізіліп отыр.

Әдебиет • 17 Мамыр, 2020

«Ясная Поляна» әдеби сыйлығына өтінім беру аяқталды

«Ясная Поляна» әдеби сыйлығын ұйымдастырушылар, Л.Н.Толстой музей-үйі және Samsung Electronics компаниясы «Заманауи орыс прозасы» («Современная русская проза») номинациясына өтінім қабылдауды аяқтады.

Руханият • 14 Мамыр, 2020

Мәнді марафон

Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлттық академиялық кітапхананың ұйым­дас­тыруымен «Жеңіс­ке тағзым» атты халықара­лық онлайн-кездесу өтті.