Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
1021 материал табылды

Әдебиет • 01 Ақпан, 2022

Америка Әуезов көзімен

Ағылшын тіліне ау­да­рылған алғашқы қазақ жазушысы Мұхтар Әуе­зовті Америкамен не бай­ланыстырады? Әри­не, жолсапар. Әуе­зов 1960 жылы Кеңес жа­зушыларының делега­циясы құрамында Аме­рика Құрама Штат­тарына барады. Бұл са­парға жазушы Л.Лео­нов, О.Гончар, С.Щи­пачевтермен бірге ат­тан­ған. Жазушы мұхит­тың арғы бетіндегі Ва­шингтонда, Нью-Йоркте, Калифорнияда, Лос-Анжелес пен сол штаттың Фресно граф­тығында, одан кейін Аризона штатының орта­лығы Феникс қаласында, қайтарда Бостон шаһа­рында бірнеше күн бол­ған. Бір айлық сапардың нәтижесінде «Америка әсерлері» атты жолжазба естелігі жазылды. Әлқисса.

Қазақстан • 01 Ақпан, 2022

«Қазақфильм» жұмысымен танысты

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының жұмысымен танысты.

Қоғам • 31 Қаңтар, 2022

Зағиптың зарын тыңдасаң...

Бүгінде кітап оқымау ғадеті қазақ қоғамында ғана емес, барша әлемде белең алып отыр. Кітап оқуға толық мүмкіндігі бар адамдардың көркем әдебиетке қызық­пауының себебі көп. Ең басты дәуірлік себеп, әрине, «са­наны тұрмыс билеуінде». Ал мүмкіндігі шектеулі – зағип жандар кеш қарая «Жа­байы алманы» оқығысы кел­се де оқи алмайды: Брайль қар­піндегі кітап тапшы. Бір сөз­бен айтқанда, көзі көрместің кітап оқуына мүмкіндік жоқ.

Коронавирус • 31 Қаңтар, 2022

Індетті жеңудің жолы – ревакциналау

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ұжым болып қалалық №2 емханада қауіпті індетке қарсы екпенің үшінші компонентін салдырды.

Өнер • 27 Қаңтар, 2022

«Шаңырақ» аясындағы «Шалқыма»

Павлодар облыстық «Ша­ңырақ» халық шығар­машылығы орталығының жанынан «Шалқыма» атты дәстүрлі ән-жыр үйір­месі ашылды. Мұнда қа­ты­су­шылар домбырамен қа­тар қыл қобызды да үй­рене ала­ды.

Өнер • 26 Қаңтар, 2022

Домбырашылар топ жарды

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Испанияда өткен Music Box халықаралық байқауында «Аспаптық музыка» номинациясын жеңіп алды.

Әдебиет • 25 Қаңтар, 2022

Жазушы шындығы немесе ол кейіпкердің прототипі кім?

Жазушының басты тақырыбы – адам һәм адамның жаны. Әдебиеттің «әділетсіз» заңдылығы да сол: шығарманың бағы кейіпкердің көркем жазудағы бейнесі мен болмысына, ішкі жан дүниесінің суреттелуіне, мінезіне, шынайылығына байланысты. Әр қаламгердің жазушылық қуаты кейіпкерінен білінеді. Яғни шығармадағы образ – кейбір автордың осал тұсы болса, кейбірінің талантын дәлелдейтін өлшем сынды. Сол үшін де жазушы қауым әрқашан шығармашылық ізденісте жүреді: қым-қуыт тіршілікте кейіпкер іздейді. Ал көп жағдайда кез келген қаламгердің кейіпкерінде өзінің өмірі бейнеленетіні екібастан. Әлқисса.

Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022

Арыстан, мысық һәм Хемингуэй

Тағы да Хэм ағай... Ол туралы мың-сан сөз өткен ғасырдан бері айтылып келеді, әлі талай жыл жазылар. Ол көзінің тірісінде жазушы бақытын сезінді, жасаған үлкен еңбегінің жемісін көрді. Яғни жақсы өмір сүрді дейміз. Алайда, осыдан шамамен алпыс жыл бұрын Кетчум қалашығында (Айдахо штаты) өз үйінде америкалық жазушы Эрнест Хемингуэй таңсәріде өмірден өтті. Мезгілсіз қазаның себебін қаруды абайсыз қолдану нәтижесінен десті. Бірақ Хемингуэйдің Африкада талай арыстанды атып өлтірген кәнігі аңшы екені мәлім болғандықтан, бұған ешкім сенбеді. 1966 жылы жазушының әйелі Мэри оның өмірден өз еркімен кеткенін мәлімдеді. Хэм ағай мына өмірге неге сыймады?  

Әлем • 23 Қаңтар, 2022

Жыл сөзі

«Оксфорд сөздігі» дәстүр бойынша 2021 жылы ең жиі пайдаланылған сөзді анықтады. Бұл жолы, әрине, vax («вакцина», «вакциналау», «вакцина егу») «Жыл сөзі» атанды.

Әдебиет • 20 Қаңтар, 2022

471 мың долларға сатылды

1997 жылы қатты мұқабамен алтынмен бедерленіп, арнайы қаптамаға салынып шыға­рыл­ған әлемдік балалар әде­бие­тінің жауһарына айналған «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабы Даллас қаласында өт­кен Heritage Auctions аукцио­нында сатылды.