Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ
Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
425 материал табылды

Білім • 07 Тамыз, 2024

Білім ошақтары жаңа оқу жылына дайын ба?

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Үкімет басшысы оқу жылы басталғанға дейін, физика, химия, биология, роботтехника бойынша мыңға жуық пәндік кабинет сатып алуға қатысты тапсырма берді.

Шаруашылық • 06 Тамыз, 2024

Жылыжай нарығы: Мүмкіндікті неге пайдаланбай отырмыз?

Кейінгі кездері жиі қозғала бастаған азық-түлік тапшылығы мен қауіпсіздігі жылыжай нарығы төңірегінде мәселе көтеруге жетелейді. Әсілі, елімізде жылыжай жүйесін дамытуға мүмкіндік көп. Бірақ шешімін таппай тұрған түйткіл қан­шама. «Қазақстанның фермерлік жылыжайлар қауымдастығы» дара кә­сіп­керлер бірлестігінің төрағасы Данияр Қалтаев­тың айтуынша, жылы­жай өнімдерімен елі­мізді қам­та­масыз етіп, оның сыртында экспортқа шы­ғаруға да диқандардың қау­қары жетеді.

Экономика • 03 Тамыз, 2024

Кәсіби мерекедегі құрмет

Тамыз айының алғашқы жексенбісіне орайластырылған көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында Көлік министрлігі салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Сала қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаған ведомство басшысы Марат Қарабаев үздік мамандарды марапаттап, саладағы ардагерлерге сый-құрмет көрсетті.

Саясат • 31 Шілде, 2024

Төтенше қауіптің алдын алу маңызды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жолдағы қауіпсіздік мәселесі қаралды. Отырыста өрт қаупі басым кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасы да күн тәртібіне шығып, талқыланды.

Үкімет • 27 Шілде, 2024

Заңсыз кесілген әр ағаштың жауапкершілігі бар

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын әуеден бақылап, Мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.

Саясат • 24 Шілде, 2024

Ауыл шаруашылығын дамытудың басымдығы

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Сондай ақ күн тәртібінде ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайту бойынша қабылданған іс-шаралар талқыланды.

Ауыл • 23 Шілде, 2024

Көрме көп тәжірибе үйретті

«Жаңа дала-Green day-2024» мамандырылған көрмесінде әлемнің 20 елінен келген 200-ден астам компания 600-ге жуық жаңа техника мен технологиясын жұрт назарына ұсынды. Шараға қатысқан Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров етті және сүтті асыл тұқымды малдарды, алаңға қойылған 600-ге жуық ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықты аралап көрді. Сондай-ақ түрлі дақыл пайдаланылған тәжірибелік егістің нәтижелерін салыстырды.

Экономика • 23 Шілде, 2024

Азық-түлік өндірушілердің құқы қорғала ма

Президент Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты мен «Amanat» партиясы дайындаған отандық азық-түлік өндірісін қорғауға арналған «Сауда қызметін реттеу мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылау аяқталды. Құжат мәтіні бизнес және мемлекеттік орган өкілдерінің жұмыс тобының отырыс­тарында жан-жақты талқыланды. Регламентке сәйкес заң жобасы Үкімет қорытындысын алуға жіберілді.

Саясат • 17 Шілде, 2024

Маңызды міндеттер жүктелді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қарал­ды. Сондай ақ Үкімет Жасанды интеллектіні дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдады.

Экономика • 16 Шілде, 2024

Утильалымға қатысты уәж

Алматыда утильалымға қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдау өтіп, жиынға Өндіріс және құрылыс министрлігінің, бірқатар жауапты органдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.