Banner
Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
528 материал табылды

Білім • 01 Шілде, 2025

Тегін үйірме жүйесінде серпіліс бар

Елімізде спорт, өнер және қосымша білім саласындағы теңсіздікті азайту және барлық баланың шығармашылық дамуына жол ашу мақсатында жаңа қанатқақты жүйе енгізіліп жатыр. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Жиында «Спорт, өнер және қосымша білім бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы» таныстырылып, мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен қаржылық құрылымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Ғалам ғажаптары • 28 Маусым, 2025

Ең таралымды басылым

Жапонияның «Yomiuri Shimbun» газеті – әлем бойынша ең көп таралатын басылым. Күн сайын оның 9–10 миллион дана аралығындағы тиражы оқырман қолына тиеді. Бұл көрсеткішпен «Yomiuri Shimbun» Гиннестің рекордтар кітабына енген және қазіргі күнге дейін бұл межені ешбір газет бағындырған жоқ.

Ғалам ғажаптары • 28 Маусым, 2025

29 ақпанда шығатын газет

Францияда «La Bougie du Sapeur» деген ерекше газет бар. Ерекшелігі сол, бұл басылым тек 29 ақпанда, яғни төрт жылда бір жарық көреді

Ғалам ғажаптары • 28 Маусым, 2025

Газеті ең көп ел

Үндістанда күн сайын 1000-нан аса газет жарық көреді. Елде ресми тіркелген баспасөз саны 146 мыңнан асады.

Digital • 27 Маусым, 2025

«Starlink» мәселені толыққанды шеше ме?

Осы жылдың үшінші тоқсанында Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернеті еліміздің барлық аумағында ресми түрде іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Құқық • 26 Маусым, 2025

Студенттердің де қорғаушысы бар

Орталық коммуникациялар орталығында «Студент­тердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудегі студенттік омбудсмендердің рөлі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Тоқтар Болысов, Республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукен қатысты.

Ғалам ғажаптары • 25 Маусым, 2025

«Ақылды» көзілдірік

«Meta» компаниясы спортшылар мен белсенді қолданушыларға арналған жаңа «Oakley» смарт-көзілдіріктері сериясын жариялады.

Ғалам ғажаптары • 25 Маусым, 2025

Ең ауқымды дрондар шоуы

Қытайдың Чунцин қаласында ­11 787 дрон бір мезетте аспан­ға кө­­те­ріліп, шоу көрсетті. Бұл – әлем­де­гі ең ауқымды дрон шоуы рет­інде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Ғалам ғажаптары • 25 Маусым, 2025

Уақыт алға ғана жылжымайды

Ғаламда уақыт алға ғана жылжиды деген ұғымды физик Гюнтер Клетечка жоққа шығармақ. Ол уақыт үш өлшемнен тұрады дейді.

Ғалам ғажаптары • 24 Маусым, 2025

ЖИ қару жасай алады

«OpenAI» алдағы уақытта шы­ға­тын тілдік модельдер биологиялық қару жасауға қабілетті болуы мүм­кін деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Компанияның қауіпсіздік бөлі­м­і­нің жетекшісі Йоханнес Хай­деке мәлімдегендей, мұндай модель­дер ғылымнан хабары жоқ адамдардың өзіне қауіпті патогендер жасауға мүмкіндік беруі мүмкін.

Яндекс.Метрика