
Осы күнге дейін бұл газет бар болғаны 11 рет шыққан екен. Соған қарамастан, әр нөмірінде әзілге, шаржға, қызықты мақалалар мен фельетондарға толы контент жарияланып тұрады. Тағы бір күлкілі тұсы — газеттің ішінде кроссворд та бар. Бірақ оның жауабын сегіз жылдан кейін ғана көре аласыз.
Айтпақшы, бұл газетті бірден 100 жылға жаздырып қоюға да болады. Бағасы – 100 еуро. Бір сөзбен айтқанда, әзіл сүйетін жандар үшін таптырмас коллекциялық басылым.