Технология • 31 Желтоқсан, 2024
Жасанды интеллект: жетістікке апарар жол
Елімізде жасанды интеллект саласын дамытуға ден қойылды. Жаңа технологияларды енгізуге арналған бірқатар ірі жоба жүзеге асып, саланың дамуына серпін беретін маңызды бастамалар қолға алынды. «Oxford Insights» ұйымының дерегінше, жасанды интеллектіге дайындық индексі бойынша Қазақстан 193 елдің арасында 72-орынға тұрақтаған.
Таным • 31 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: Қашықтан қуаттау технологиясы
Ульсан ұлттық ғылым және технология институтының ғалымдары электрлік резонансқа негізделген сымсыз қуаттау технологиясын ойлап тапты.
Кино • 25 Желтоқсан, 2024
Астанада педагогтер мен білім саласының ардагерлеріне арнап «Ұстаз» фильмінің таныстырылымы өтті.
Технология • 18 Желтоқсан, 2024
Ақылды технология су тапшылығының алдын алады
Елімізде су тапшылығы жыл өткен сайын күрделеніп, көптеген салаға әсерін тигізіп жатыр. Елдегі өзен ағысының 44%-ы шет мемлекеттерде қалыптасатындықтан трансшекаралық су ресурстарына тәуелділік артып, жағдай одан әрі қиындап отыр. Болжамдарға сүйенсек, 2030 жылға қарай су тапшылығы 15%-ға жетуі мүмкін, ал жаңартылатын су қорлары 40%-ға дейін азаяды. Сарапшылардың сөзінше, су тапшылығының салдарын жеңілдету үшін жаңа технологияларды қолдану қажет.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2024
Қаржы мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы форум өтті. Бұл іс-шарада қаржы пирамидалары, дроп схемалары, интернет алаяқтықтары, есірткі саудасына байланысты алдаудың әдістері жан-жақты талқыланды. Мамандар студенттерге алаяқтардан сақтану жолын түсіндірді.
Таным • 11 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: Ауа райын ерте болжайды
«Google» зерттеушілері «DeepMind» негізінде жасалған ауа райын дәл әрі жылдамырақ болжайтын «GenCast» моделін жасап шығарды.
Білім • 10 Желтоқсан, 2024
Халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына қолдау көрсетіледі. Енді олар Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай-ақ, еліміздегі кез келген жоғары оқу орнына грант негізінде қабылданады.
Digital • 07 Желтоқсан, 2024
Криптоиндустрияның күнгейі мен көлеңкесі
Криптоактив, криптовалюта, стейблкоин, токендер, блокчейн технологиясына негізделген басқа да құралдар кейінгі жылдары жаһандық қаржы жүйесінің маңызды бөлігіне айналды. Биылғы тамыз айындағы деректер бойынша, криптоактивтердің әлем нарығындағы айналымы 2,2 триллион долларды құраған. Ұлттық банктің зерттеуінше, елімізде криптовалютамен айналысатындардың саны кейінгі екі жылда екі есе өскен. Олардың көбі заңсыз жолмен пайда табады. Бұл салаға қызығушылық артқан сайын жаңа мүмкіндікпен қатар қауіп-қатер де көбейе түсті.
Таным • 07 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: Ауруды анықтайтын сақина
«Oura» ақылды сақиналарына «Symptom Radar» деп аталатын жаңа функция қосылды. Ол жүрек соғу жиілігін, температураны, тыныс алу көрсеткіштерін бақылайды. Ағзадағы өзгерістерді анықтап, тыныс алу ауруларының алғашқы белгілері туралы алдын ала хабар береді.
Таным • 06 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: «Operator» – ЖИ агенті
«OpenAI» жақын арада «Operator» деп аталатын жаңа ЖИ-агентін іске қосады.