Саясат • Кеше
Алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалады
Мәжіліс қабылдаған заң жобасына сәйкес, жаңа Конституцияның қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың жекелеген санаттары бойынша жауаптылық жеңілдетіледі. Алдын ала есепке сүйенсек, рақымшылық шаралары 16,5 мыңға жуық сотталған азаматқа, 1 миллионға жуық әкімшілік айыппұлға қатысты қолданылады. Жалпы сомасы 21,1 миллиард теңге айыппұл есептен шығарылмақ. Дегенмен құжатта қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін ауыр құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық қылмыстары рақымшылықтан тыс қалатыны нақты белгіленген.
Қазақстан • Кеше
Жақында іске қосылған LRT Арқа төрінде бой көтерген бас қаланың ажарын айшықтай түсті. Әлеуметтік желіде жер үстіндегі пойыздың іші тұрмақ, елорда көшелерімен жүйткіген сәті көпшіліктің қызығушылығын оятты. Мұны көруге асыққан өңірлердегі отандастарымыз Астанаға ағылды. Әсіресе ерке Есілдің оң жағалауындағы Шәмші Қалдаяқов көшесіне келушілер, сол маңда түрлі фотосессия жасаушылар көбейді. Мереке қарсаңында біз де барып, жұртшылықпен тілдесіп қайттық.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Сапа сын, қызмет мін көтермесе қайтпек керек?
Қазір көпшілігі сауданы онлайн жасауға үйір. Тұрғындар тұрмыстық тіршілікте тұтынатын тауарлардан бастап үлкен техникаларға дейін виртуалды базарлардан сатып алады. Цифрлық дәуір азаматтардың уақытын үнемдегенмен, түрлі дауды да көбейтіп отыр. Мәселен, жыл басынан бері Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 22 559 шағым түскен. Көрсеткіш – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір жоғары.
Зерде • 02 Маусым, 2026
Қазіргі жастардың талғамы, толғандыратын тақырыбы да бөлек. Олар көбіне тың идеялар мен батыл қадамдарға жақын. Заманның тамырын дөп басып, еркін ойлап, өзгеріс лебінде ерек қимылдаған ұрпақтың өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық пен қуғын-сүргін туралы әлеуметтік платформалардағы пікірлерін топтастырып ұсынуды жөн көрдік.
Айбын • 07 Мамыр, 2026
Қазір әскери дрондар мемлекеттің Қарулы күшінің әлеуетін байқатады. Өзінің бейімделгіштігімен ерекшеленетін ұшқышсыз аппараттар барлау, тікелей шабуылдау, әуе қорғанысын бұзу, тіпті стратегиялық инфрақұрылымды жоюға қауқарлы. Ал осы заманауи технологияны басқаратын кәсіби операторлар елімізде қалай даярланып жатыр?
Саясат • 17 Сәуір, 2026
Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит
Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-Ассамблеясы өтті. Әлемнің 155 елінен делегаттар қатысқан алқалы жиында «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбы талқыланды. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
Ұлттық рейтинг жүйесі құрылады
Елімізде рейтинг агенттігін құру жоспарланып отыр. Аталған ұйым бизнес, банк немесе мемлекеттің сенімділік деңгейін бағалаумен айналысады. Кеше Мәжілістің жалпы отырысында осыған қатысты заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда қаралды. Жиында депутаттар бұдан өзге тағы үш құжатты талқылады.
Волонтер • 14 Сәуір, 2026
Еріктілер еңбегі қалай бағаланады?
Қоғам мейірімді, жомарт жандардан кенде емес. Бірі игі ісімен, енді бірі жылы сөзімен айналасындағы жұртқа жанашырлық танытып жүр. Әлемде осындай 860 млн волонтер бар. Ал елімізде осыдан жеті жыл бұрын белсенді еріктілер 50 мың болса, қазір олардың қатары 300 мыңға жетті. Мұндай статистика волонтерлік қызметтің кең таралғанын, осы бағыттағы қажеттілікті көрсетеді.
Жастар • 14 Сәуір, 2026
Жауапты ұрпақтың жасампаз қадамы
«Жаңа Ата заң – еліміздің, әсіресе жастардың темірқазығы». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдумда дауыс бергеннен кейінгі брифингте айтқан бұл сөзі өскелең ұрпақтың мемлекет болашағындағы орнын айқындай түседі. Ендеше, жастар конституциялық құндылықтарды нығайтуға қалай үлес қоса алады?
Қоғам • 14 Сәуір, 2026
Ажырасу тәртібін қатаңдату қажет
Елде ажырасуға ниет білдірген жұптарға медиацияны міндеттеу керек. Президент жанындағы отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашеваның қатысуымен өткен басқосуда сарапшылар осындай тұжырымға келді. Олардың айтуынша, бұл қадам ерлі-зайыптылардың сотқа жетпей, өзара келісімге келуіне ықпалдасады.