Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
136 материал табылды

Форум • 05 Маусым, 2023

Пандемия сабақтары сараланды

Әлем халқын әбігерге түсірген COVID-19 пандемиясы көпшілікке сабақ болды. Олай дейтініміз, қысылтаяң шақта денсаулық сақтау саласынан бастап, өзге де жетекші салалардың тұрақтылығы, бәсекеге қабілеті сыналды. «QazBioPharm» Ұлттық холдингінің бастамасымен Астанада өткен «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» халықаралық фору­мында пандемия кезінде жұмыла әрекет еткен ғалымдар, мемлекеттік органның және бизнес сектордың өкілдері, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Балалар • 05 Маусым, 2023

«Phenomenal kids»-тен базарлық

Әлеуметтік желіде балаларға арналған контент баршылық. Алайда ата-аналар орыс тіліндегі бейнематериалдарды тамашалап жетілген баланың қазақ тіліне шорқақтау болатынын біледі. Жуырда балдырғандарға жол тартқан «Phenomenal kids» танымдық ойын-сауық жобасы осы олқылықтың орнын толтырар дегенге үміт басым.

Қазақстан • 05 Маусым, 2023

Балконында байрақ желбіреген бас қала

Рәміздер күнінде елор­да­дағы бірнеше көппәтерлі үйдің тұрғындары терезеге, балконға Мемлекет­тік Ту ілуді дәстүрге айнал­­дырды. Биыл да игі бас­таманың жібі үзілмей, жал­ғасты. Атаулы күннен Астана қаласының әкім­дігі де қалыс қалмай, қа­лаға қарасты аудандар­мен ұйысып, іс-шара ұйым­дастырды.

Туризм • 05 Маусым, 2023

Қатарлықтар Қазақстанға визасыз саяхаттай алады

Қатарда туристік компаниялар Қазақстанның туризмдегі әлеуетін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 01 Маусым, 2023

Онкологиялық ауруларды емдеудің әдісі

Әлемде өлім-жітімнің себеп-салдары бойынша жүрек аурулары бірінші қатарда тұр. Бұл тізімді оқыс оқиғадан бақилық болғандар және қатерлі ісіктен көз жұмғандар жалғайды. Ресми деректерге сүйенсек, онкологиялық аурудан айықпай, дүние салғандар жылдан-жылға көбеюде. Осыны біліп отырған әр елдің онкологтері қатерлі ісікті мейлінше ерте сатыда анықтап, науқасты емдеп жазудың тың тәсілдерін меңгеруге талпынуда.

Қоғам • 01 Маусым, 2023

«Ана жүрегі» акциясы

Балаларды қорғау күні қарсаңында №6 қалалық аурухана ұжымы ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға жәрдемдесті.

Қоғам • 28 Мамыр, 2023

Урбанизация ырыққа көнбесе қайтеміз?

Жылдан-жылға ауылдан қалаға үдере көшкен ағайынның қатары көбейіп жатқаны белгілі. Өкінішке қарай, сол көшке ілескендер арасында ауыл шаруашылығынан хабары бар және істің көзін таба білетін мамандар бар. Бірақ урбанизация дамушы елдерде қалыпты құбылыс болғандықтан, қалаға көшуді ойға алған білікті маманды байлап ұстай алмайсың. Енді ауылда инфрақұрылымды дамытып, халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын нығайтуға күш салу аса маңызды. Ал қалалар, соның ішінде мегаполистер урбанизация үрдісіне дайын болуы тиіс.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2023

Облыста маңызды жобалар іске асады

Өркендеген өңірді әлеуметтік-экономикалық ахуалына қарап танимыз. Сондықтан әр облыстың халқы географиялық аумағына, табиғатына қарай қолдан келетін шаруамен айналысқан тиімдірек. Мысалы, аграрлы аймақ саналатын Жамбыл облысы үшін ағын су, жайылым, егістік мәселесін бірінші кезекте реттеген дұрыс. Бұл бағыттағы жұмыстарды, жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жөнінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында кеңінен баяндады.

Сұхбат • 25 Мамыр, 2023

Кәсіподақ шипажайға жолдама беруге міндетті емес

Білім саласындағы түйінді мәселелерге қоғам мен билік бейжай қарамайды. Мұны кейінгі жылдары білім сапасын жақсартып, мұғалімдердің мәртебесін арттыруға негізделген реформалардан аңғару қиын емес. «Педагог мәртебесі туралы» заң да сала мамандарының жұмысын ширата түскені анық. Бірақ бұл білімге қатысты мәселелер түбегейлі шешілді дегенді білдірмейді. Мұны жақсы білетін депутаттар, сала ардагерлері, қоғам белсенділері білім саласына қатысты түйткілдерді оқтын-оқтын көтеріп жүр. Астана қаласы бойынша білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр ӘЛИЕВПЕН әңгімелескенде де көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап алуға тырыстық.

Қоғам • 24 Мамыр, 2023

Вейп түтініне тәуелді ортаны оңалтудың жолы қайсы?

Электронды шылым сатылымға шыққанда ірі сауда орталықтарында, ол аздай азық-түлік дүкендерінде ашық саудаланды. Көп ұзамай «вейп» деген атауы бар шылымды жастардың, жеткіншектердің қолынан көретін болдық. Таңсық дүниені тұңғыш көрген ересектер вейптің қаптамасына қарап, бұл жай баланың ермегі, кейін әуестенбейді деп ойласа керек.