Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
136 материал табылды

Елорда • 09 Шілде, 2023

«Gul Astana» фестивалі

Астана қаласының 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралары аясында қала әкімдігі ұйымдастырған тұңғыш «Gul Astana» фестивалі табысты өтті.

Медицина • 05 Шілде, 2023

Елордада ем алатын шетелдіктер көбейді

Егемендік алған тұста елімізде меди­циналық көмектің сапасы көңіл көн­шітерлік деңгейде емес-тін. Дерті асқынып, жанына дәру іздегендер Алматыға ағылатын. 1998 жылы еліміздің бас қаласы Астана ауысқалы әлеуметтік-экономикалық салалармен қатар медицинаға ерекше көңіл бөліне бастады. Ширек ғасыр шеңберінде Ұлттық медициналық орталықтар ашылып, ондағы жұмыс жылдан-жылға ширады. Қазір, тіпті ел түгілі, алыс-жақын шетелден келіп емделетін науқастар саны артты.

Елорда • 03 Шілде, 2023

«Аялаған Астананың» тартуы

Талай дарынды жасты шың­дап, тұсауын кескен «Аялаған Астана» байқауының жеңім­паз, жүлдегерлері елорда тө­рінде бас қосып, Астана қала­сының 25 жылдығына ар­нал­ған гала-концертте өнер көрсетті. Биыл байқаудың 10 жылдығы елорданың мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан қала әкім­дігінің қолдауымен өткен кеште жас әншілер тартынып қал­мады.

Елорда • 03 Шілде, 2023

Елорданың даму жоспары

Елордаға ауыл-аймақтан, тіпті қаладан келетін халық көп. Тиісінше, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеуге келгенде жайбасарлық жараспайды. Осыған қарамастан Астанада әлі де болса тұралап қалған шаруалар, ауқымды жобалар бар. Бұл жөнінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек те баспасөз мәслихатында тарқатып айтып берген еді.

Медицина • 30 Маусым, 2023

Ұлттық нейрохирургия әлеуеті

Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдығы қарсаңында елдегі нейрохирургтердің V Конгресі өтті. Білікті дәрігерлер бас қосқан конгресте нейрохирургия саласын ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер қаралды. Соның ішінде жаңа технологиялар, нейрохирургиялық бөлімшелерді жарақтандыру стандарттарымен қоса кадр даярлау ісіне қатысты ұсыныс-пікірлер қамтылды.

Білім • 29 Маусым, 2023

Озат оқушылар елордаға саяхаттайды

Елорда күні қарсаңында оқуда озат және байқауларда жақсы нәтиже көрсетіп, спортта топ жарып жүрген өрендер Астанаға қонаққа келіп, қаланың көрікті жерлерін тамашалайды. Бас қала әкімдігі қолдаған әлеуметтік турға осы жолы Абай облысының оқушылары келді.

Медицина • 29 Маусым, 2023

МӘМС: Үш жылда не өзгерді?

Елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілгеніне төрт жылдың төңірегі болыпты. Содан бері денсаулық сақтау саласына бюджеттен қаралатын қаржы екі есе артты. Ал сапа ше? Сапа екі есе жақсарды деп айта аламыз ба? Шын мәнісінде, медициналық сақтандыру қаншалықты тиімді? Ел-жұрт ай сайын сақтандыруға аударып отырған жарнаның игілігін көріп жүр ме? Қазір сақтандырылмаған 3 миллионнан астам азамат бар көрінеді. Олар қалай емделеді? Осы сипаттағы көптің көкейінде жүрген сұрақтардың жауа­бын білу үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджанмен әңгімелескен едік.

Өнер • 28 Маусым, 2023

Қуыршақ театрының халықаралық фестивалі

Елорда күні қарсаңында III «Құралай» қуыршақ театрларының халықаралық фестивалі кішкентай көрермендерін қуанышқа бөледі. Бұл – Астана қуыршақ театры өнерпаздарының балаларға базарлығы.

Елорда • 27 Маусым, 2023

Жаса, жайна, елорда!

Астана қаласының 25 жылдық мерекесіне орайластырылған жоспарлы іс-шаралар легі басталып та кетті. Бірер күн бұрын елорда әкімдігі мен Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ұжымы «Filarmonia fest-2023» музыкалық фестивалін ұйымдастырып, қала тұрғындарының ықыласына бөленді.

Аймақтар • 22 Маусым, 2023

Әлеуметтік-экономикалық дамуға басымдық беріледі

Өндірісі өркендеген Сол­түстік Қазақстан облы­сы­ның әлеуметтік-эко­но­ми­калық даму қарқыны жыл­дан-жылға ілгерілеп ке­­леді. Осы оң өзгеріс тұр­­­­ғын­­дардың әлеуметтік жағ­­дайына әсер ететіні анық. Өңірде үйлесімді іс­­­ке асып жатқан осы жә­не өзге де межелі мін­дет­­тер жөнінде облыс әкі­­мі Ай­дар­бек Сапаров Ор­та­лық коммуникация­лар қызметі алаңында баян­дады.