Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ
Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
68 материал табылды

ЖОЛДАУ • 23 Қазан, 2025

Нұралхан Көшеров: Түркістан өндірісі дамыған өңірлер қатарынан табылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу саласына көбірек қаражат тарту қажеттігін атап өтті. «Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс», деді Президент. Сондай-ақ Жолдауда экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық беру қажеттігі айтылды. Осы орайда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қолға алынған, атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар төңірегінде әңгіме өрбіткен едік.

Қазақстан • 13 Маусым, 2025

Алаң да алаң, алаң жұрт...

Бүгінде алпауыт мемлекеттердің текетіресінен дүниенің түкпір-түкпіріндегі қарапайым халық зардап шегіп келеді. Қаруға жүгінген, халықты қырғынға ұшыратқан елдің саясатын ақтау ақымақтық болар еді. Сол сияқты жаһан жұртына бір дүрбімен қарау да – асылық. Осы орайда америкалық атақты дипломат Генри Киссинджердің айтқаны еске түседі: «Әлемдегі әр алуан мемлекеттің ішкі саясатын америкалық сыртқы саясаттың тікелей объектісіне айналдыру қауіпті болмақ». Саңлақ саясаткердің айтқанына бірдеңе қосу артық шығар.

Руханият • 20 Маусым, 2024

«Америка дауысын» шулатқан қаламгер

Қазіргі кезде сатира сардарының бірі саналатын Берік Садырдың әзіл-оспақ аулына ат басын бұруы бекер емес. Әрідегі атасы Сүйіндік – үндемей отырып, ыңғайына қарай тауып айтып, тиіскенін сөзбен сүйкеп кеп жіберетін кісі болыпты. Ел арасында «Сүйіндіктің сүйкемесінен сақтан» деген тіркес кеңінен тараған екен. Бекеңе де «сүйкеп» айту сүйегіне біткен көрінеді.

Халық • 19 Желтоқсан, 2023

Бірлік әділеттілікке тәуелді

Бұрын да жеке-дара ел болғанбыз. Әріден тартқанда ғұн, түркі жұрты жайындағы деректер осыны айғақтайды. Берісінде Жәнібек пен Керей хандардың ұйытқы болуымен өз алдына Қазақ хандығын құрғанбыз.

Тұлға • 25 Қазан, 2023

Қазақтың орыс баласы

Жылда Республика күні жақын­даған сайын Егемендік декларациясын қабылдайтын сәтте білімі мен білігін, жанкештілігі мен қайсарлығын танытқан тұлға­лар еске түседі. Салық Зима­нов, Сұлтан Сартаев, Шерхан Мұр­таза, Манаш Қозыбаев, Жа­бай­­хан Әбділдин, Әбіш Кекіл­баев бастаған елдіктің еңсесін биік­теткен алыптар қатарына Алек­сандр Княгининді де қосуға болар еді.

Сұхбат • 09 Қазан, 2023

Ұлт өз болмысымен ғана асқақ

Бесқала өңіріндегі қазақ жұрты сандаған ғасыр бойы түркітілдес ағайындармен аралас-құралас өмір сүріп жатыр. Атажұрттан жырақта жүрсе де мәдениеті мен дәстүрін, ана тілінің қадір-қасиетін ұрпағының бойына сіңіріп, ұлттық болмысын сақтап отыр. Бұған өз кезегінде сол елдегі қоғамдық ұйым да өз үлесін қосып келеді. Қарақалпақстандағы қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Асқар ҮМБЕТАЕВПЕН әңгіме барысында осыған көз жеткіздік.

Пікір • 11 Мамыр, 2023

Қызмет пен қошемет

Мақтағанды кім жек көрсін, бірақ шектен шыққан қошеметшілдіктің ақыры қайда апарып соғатынын пендесі бар болғыр бағамдай бермейді-ау. Қолпаштаудың арқасында көтерілген «биігінен» түсе алмай қалады. Келесі жолы да «асқаралы белестен» төмендегісі келмей, мақтан мінездемені іштей тілеп тұрады.

Пікір • 12 Ақпан, 2023

Халық қалауы

Еліміздің тарихына қайта-қайта үңіліп, бүгінгі оқиғаларды өткен кезеңмен салыстырып отыру керек сынды кейде. Өткеннен сабақ алу үшін. Болашаққа дұрыс бағдар ұстау мақсатында. Қысыл­таяң сәтте, кеңеске зәру болған тұста. Елі­нің тағдырына, ертеңіне алаңдаған ерлер­дің сөзі қашанда өз мәнін жоғалтпақ емес.

Руханият • 12 Желтоқсан, 2022

Тілге қызметтің бел-белесі

Жақында Қуат Бораштың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ақ піл синдромы» атты мақаласы оқыр­мандар арасында қызы­ғушылық туғызды. Қазақ оқыр­манын піл несімен қызық­тыруы мүмкін дейсіз ғой. Мәселе сол «пілді» қазақ ұғымы­на үйлестіре білуде ғой.

Қазақстан • 22 Қараша, 2022

Ел елдігін танытты, енді кезек – Ерінде!

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саяси ісін ұғынбаса, тезек теріп, тарих жолында артта қалады» деген болатын осыдан бір ғасыр бұрын. Бұл мәселе әлі де күн тәртібінде тұр.