Қоғам • 19 Наурыз, 2020
Карантин: халықты мазалаған сауалдар
Коронавирустың таралуына қарсы елімізде төтенше жағдай жарияланды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, денсаулығын қорғауға байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режімі енгізілді. Осыған орай оқырмандарды сансыз сауал мазалайтыны белгілі. Ел-жұрт тарапынан жиі қойылатын, Әділет министрлігінің Құқықтық-ақпараттық орталығына келіп түскен сұрақтарға құзырлы органдардың мамандарынан төмендегіше жауап алдық.
Қоғам • 12 Наурыз, 2020
Азаттық эйфориясын басқа халықтың қалай бастан кешкенін қайдам, ал қазақ топырағында «тәуелсіздік туралы толғау» ұзаққа созылып бара жатқан сыңайлы. Әлі күнге дейін «тәуелсіздікке дейін», «тәуелсіздіктен кейін» деген пафостық оданың таусылар түрі көрінбейді. Прагматизмнен гөрі сол «бабалар аңсаған азаттық» төңірегіндегі әңгіменің гөй-гөйі «Мың бір түн» хикаясынан кем түспей тұр.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2020
Кеңес Одағының кезінде қиырдағы ауыл-ауылдарда заңсыздықтың мысалы ретінде бір қағытпа сөз жиі айтылатын-ды. Қысқаша мазмұны мынадай. «Заң Мәскеуде қабылданады. Оның орындалуы ел астанасында біршама тәуір. Ал заң одақтық республикаларда жартылай ғана орындалады. Облыс орталығында шала-жансар күйінде қабылданады. Одан ауданға, шалғай ауылға жетем дегенше Мәскеуде қабылданған заңның пәрмені діңкелеп қалады»...
Қоғам • 27 Қараша, 2019
Біздің партияда мықты кадрлық әлеует бар
2019 жылы 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы XVI есеп беру-сайлау съезін өткізбек. Аталмыш шарада партияның 2015-2019 жылдары атқарған жұмыстарының нәтижелері жарияланып, партия төрағасы мен Саяси кеңес Президиумы сайланатын болады. Сондай-ақ партияның алдағы жылдардағы міндеттері айқындалады. Съезд қарсаңында біз «Ауыл» ХДПП-ның төрағасы, Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаевпен әңгімелескен едік.
Руханият • 14 Қараша, 2019
Ағылшынның мемлекет қайраткері Бенджамин Дизраэлидің «Тәуелсіздік алғанымен отар болған елдер отарлық қамытынан біржола құтылды деген сөз емес» деген адамға түрпідей тиетін тұжырымы бар. Еліміздің тәуелсіздік алғанына жиырма сегіз жыл болса да мемлекеттілік тақырыбын жиі жазып, елдік мәселесін қаузай беретініміз де сол. «Отарлық қамытынан», құлдық психологиядан біржола қол үзу үшін...
Қоғам • 30 Қазан, 2019
Шариғат, ысырап деген ұғым-түсінікті алға тарта отырып, қазақтың ұлттық дәстүріне шабуыл жасау басталғандай. Соңғы уақытта жеке адамдардың тіршілігіне байланысты ысырап мәселесі жиі қозғала бастады. Қазақтың қонақжайлылығын даңғойлықпен байланыстырып, ысырапшылдыққа балайтындар көбейіп тұр бүгінде.
Руханият • 18 Қазан, 2019
Қазақ тарихындағы азаттық үшін арпалыстың, елдік үшін күрестің ғасырлар бойы бірізділікпен жалғасып, ұлттық дәстүр сабақтастығының арқасында егемендікке қол жеткіздік емес пе?! Ендігі жерде сол сабақтастық дәстүрі мемлекеттілікті нығайтуға бағытталса керек-ті.
Руханият • 07 Қазан, 2019
Тақтакөпір көтерілісі: күштеп ұжымдастыруға қарсылық
Кеңес өкіметін орнату кезінде қазақтың 50 пайызына жуығы қырылғандығын архив құжаттары бүгінде тайға таңба басқандай дәлелдейді. Большевиктер билігін қазақ даласында қуана қарсы алғандар қарасы аз болыпты. Зорлық-зомбылыққа, күштеп ұжымдастыруға сүйенген билікке кім қолдау көрсетеді дейсің? Өткен ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда кеңес өкіметіне қарсылықтың өрши түскені де сондықтан. Соның бірі әрі алғашқысы Тақтакөпір көтерілісі дейді тарихи деректер.
• 04 Қазан, 2019
Ұлттық дәстүр жоқ жерде намыс та болмайды!
Ұлттық дәстүр, өткеннің өнегесі ұлықталмаған жерде жетістікке де, жеңіске де жету қиын. Әсіресе спорт әлеміндегі ұлттық намыстың жөні бөлек. Ал аты ғана ұлттық болып, ішкі тірлігі бабалардың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өмір сүру дағдысын, танымын жоққа шығарар болса, осынау бейбіт заманға, азаттыққа жеткізген бабалардың ерлікке толы күрес жолына жасалған қиянат болып шықпай ма?!
Президент • 18 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейін өз байламымызды, өз тұжырымымызды ортаға салып, «Эволюциялық жол қоғамның, халықаралық саясаттың тамыр бүлкілін терең білетін, уәдесіне берік, сертіне адал Президенттің арқасында жүзеге асатыны сөзсіз. Ендеше, Қасым-Жомарт Кемелұлының «халқы үшін берген сертіне» елінің сенімі серік болсын!» деп жазған болатынбыз («Egemen Qazaqstan», 24 маусым, 2019 жыл).