
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Түркістан облысында 40 отбасы баспаналы болды
Түркістан облысы Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ауданға іс-сапармен барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Түркістандық ақсақалдар кәсіпкерлерді арақ-шарап сатпауға шақырды
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы, қалалық басқарма мамандары сауда саласындағы кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, салық заңдылығын жан-жақты мысалдармен түсіндірген еді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Ақпан, 2025
Шымкенттік студент армрестлингтен «Әлем кубогін» жеңіп алды
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек Ташенов атындағы университет студенті Нұрислам Амангелдіұлы «Әлем кубогын» жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Ақпан, 2025
«Ақбикеш» мұнарасы қайта қалпына келтіріледі
Құрамына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, облыс әкімдігі, реставраторлар, авторлық қадағалау мамандары және аталған ескерткішті бұрын зерттеген сарапшылар енген жұмыс тобы қайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде қолданылған материалдардың бұзылу себептерін анықтау мақсатында бұйрығымен құрылған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиеваның айтуынша, алдағы уақытта мұнараға консервациялық жұмыстар жүргізіледі.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2025
Директор мен оқушылар асық ойнап жүр
Түркістан өңірі мектептерінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қазақы тәрбиеге негізделген ойындар насихатталып келеді. Мысалы, Сарыағаш ауданындағы №71 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары оқушылардың сабақ аралық үзіліс уақытын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында игі бастаманы қолға алды.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025
Түркістан облысында құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Өңірде инфрақұрылымды жақсарту, халықты баспанамен, әлеуметтік нысандармен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 379,1 млрд теңгеге жетіп, өсім 131 пайызды құрады. Жыл ішінде 1 035 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,3%-ға артық.
«Таза Қазақстан» • 20 Желтоқсан, 2024
Ауыл тазалығы ауладан басталады
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан облысында 800-ден астам сенбілік ұйымдастырылды. Өз ауласынан бастап ауылының, қаласының таза болуын қалайтын көпшілік қауым белсенділік танытып, ортақ іске бір кісідей атсалысты.
«Таза Қазақстан» • 30 Қараша, 2024
«Жасыл белдеу» аумағы ұлғая түседі
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында күзгі тал егу, тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Жуырда экологиялық шара аясында өткен сенбілікте әуежай бағытындағы жолдың бойы жаңа көшеттермен толықтырылып, тазартылды. Жалпы 240 гектар жерге боз арша, қарағаш, терек, айлант, жиде, тұт, бадам секілді ағаш көшеттері отырғызылды.
Байқау • 29 Қараша, 2024
Халық театрларының өнер сайысы
Облыстық халықтық және үлгілі театрлар байқауы өз мәресіне жетті. Ордабасы ауданында «Театр – өмір айнасы» тақырыбымен өткен байқау барысында 17 қойылым көпшілік назарына ұсынылып, аудан, қалалардан келген театрлар өзара өнер жарыстырды.
Медицина • 26 Қараша, 2024
Жасанды интеллект – маман көмекшісі
Түркістан қалалық емханасында аймақтық қызметкерлердің жұмыс жүктемесін азайту, халықпен хабарласудың тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллект көмегі енгізілген. Бұл өз кезегінде мейіргерлердің уақытын, жұмыс күшін үнемдеуге көмектеседі. Жасанды интеллект пациенттерді дәрігердің қабылдауына, скринингтік тексеруден өтуге, флюорография-рентгенге түсуге, балаларды екпе алуға шақырады.