Туризм • 15 Тамыз, 2025
Биыл Түркістанға келген шетелдік туристер саны 2 есе артқан
Түркістан облысының тарихи орындарына биылғы 6 айдың қорытындысымен 520,7 мың адам келген. Ал өңірдегі табиғи аумақтарға келушілер саны 80,2 мың адамға жетті. Биыл туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 33 млрд теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Түркістанда «Мерейлі отбасы –2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық деңгейде 12 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауына 198 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 27 отбасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Түркістанда 8 баланың анасы дүниеге үшем әкелді
Түркістан облысы, Шардара ауданының тұрғыны 43 жастағы Орынкүл Нурабаева үшем босанды. Облыстық №1 перинаталдық орталығында өмірге келген ұлдардың салмағы – 2265, 2455 және 2405 грамм. Мезгілінен ерте босанған ана мен сәбилер дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, перзентханадан үйіне шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Түркістанда жастарға «Абай жолы» романы тарту етілді
Түркістанда қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткен іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Тамыз, 2025
Түркістан обылысында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт ашылды
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде «Central Asia aluminum» ЖШС-ның алюминий профильдерін өндіретін зауыты ашылды. Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы – жылына 20 мың тонна, 200 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның алғашқы кезеңіне құйылған инвестиция көлемі – 4,4 млрд теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Тамыз, 2025
Азаматтық қоғам өкілдері Түркістанда бас қосты
Түркістан облысы аумағында 700-ге жуық үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 33,4%-ы қалаларда болса, 66,6%-ы аудандарда орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2025
Түркістан облысында 800-ден астам түлек «Серпін» бағдарламасымен грантқа түсті
Биыл «Серпін-2050», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» сынды мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында еліміздегі 8 жоғары оқу орнының өкілдері Түркістан облысына арнайы келіп, аудандарда мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Нәтижесінде бағдарлама аясында Түркістан облысынан 802 түлек грантқа түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды
Түркістан облысында пайдалы қазбаларды өндіретін 198 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Оның 74-і келісімшарт, ал 124-і лицензия негізінде жұмыс істейді. Жауапты басқарма мен құзырлы органдар тарапынан заң талабын сақтамаған 22 жер қойнауын пайдаланушы анықталып, жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 21 Шілде, 2025
Алматының жаңадан тағайындалған бас дәрігері Марат Пашимов туралы не білеміз?
Марат Орынбасарұлы Пашимов қала әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 26 Маусым, 2025
Алаяқтық 33 пайызға, интернет алаяқтық қылмыстар 102 пайызға өскен
Түркістан облысында «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның кепілі» тақырыбында ауқымды іс-шаралар бастау алды. Бұл іс-шаралар тұрақты түрде іске асырылады. Қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында биыл құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 24,2 млрд теңге қаралды, деп жазады Egemen.kz.