Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Руханият • 21 Наурыз, 2023

Батасын алып атаның...

Түркістан облысында Наурыз мерекесін он күн бойы мағыналы іс-шаралармен атап өту дәстүрге айналған. Ал «Наурыз бата» мерекенің әрбір күні мен сәтіне мән беріп, қоғамдық тұрғыдан бірігуге бағыттау мақсатындағы іс-шаралардың қорытындысы болмақ.

Сайлау • 20 Наурыз, 2023

Сенім алға жетелейді

Қоғамның іргесін қалайтын сенімнің мағынасы тереңде. Әрбір отбасының өзі сенімге негізделіп құрылады, көршілердің, түрлі этнос өкілдерінің өзара сенімі, қоғамның билік пен оның тармақтарына сенімі маңызды. Кешегі сайлауда белгілі бір партияға, белсенді азаматтарға сенім білдірілді. Ендігі жерде ел сол сенімнің ақталуынан үмітті. Кесенеден немересін ерте шыққан қария да сенімнің маңызын аша түскендей болды.

Сайлау • 19 Наурыз, 2023

18 баланың анасы өз таңдауын жасады

Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Түймегүл Ергешқызы Т.Рысқұлов атындағы 24 мектептегі №899 сайлау учаскесіне отбасымен келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Дауыс берушілер наурыз көжеден дәм татты

Кентауда ақ кимешек киіп, ұлттық құндылығымызды дәріптеген аналар сайлау учаскесіндегі бақылаушылар мен дауыс берушілерге наурыз көже, бауырсақ, құрт-ірімшік үлестірді, деп жазады Egemen.kz.

Дін • 16 Наурыз, 2023

Діндер съезінің маңызы талқыланды

Түркістандық жастар бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам, сондай-ақ конфессияаралық диалог құрудың бірегей қазақстандық моделімен танысты. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде тео­логия факультетінің магистранттары мен студенттеріне Н.Назарбаев Кон­фессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту орталығының төрағасы Болат Сәрсенбаев «Діндер съезінің маңызы» тақырыбында дәріс оқыды.

Аймақтар • 16 Наурыз, 2023

Шенеуніктер жұмысқа ұлттық киіммен келді

Түркістан облысының барлық аудан, қала әкімдіктері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киіп келді.

Аймақтар • 09 Наурыз, 2023

600 мыңнан астам көшет егіледі

Наурызда атқарылатын игі істің бірі – тал егу. «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұс­танған халқымыз үшін ағаш отырғызу – маңызды істердің бірі. Осындай игі істің жандана түсуіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын­да жүктелген 2021-2025 жылдар аралығында еліміздің орман ал­қаптарында 2 млрд және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 млн ағаш көшетін отырғызу міндеті де ықпал етіп жатыр.

Туризм • 02 Наурыз, 2023

Зиярат туризмі Түркістаннан басталады

Түркістанды қазақ халқы мен түркітілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығына айналдыру бойынша атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар аз емес. Алайда жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілген туристер көп баратын ең тартымды қалалар қатарынан Түркістанды таппадық.

Құқық • 02 Наурыз, 2023

«Қолжетімсіз жайылым...» Әкімдер статистиканың бұрмалануына мүдделі ме?

Арыс қаласына қа­расты Ақдала ауылдық округінде жеке секторда 1 382 бас мал бар. Ал ауыл округінің есебінде 8 817 бас мал тіркеліп, ереже нормативіне сай 6 768 гектардың орнына 10 477 гек­­тар жайылым қажет деп та­­былған. Яғни мал басының есебі дұрыс жүргізілмеуі салдарынан мем­лекеттік статис­ти­ка бұрмаланған.

Қоғам • 28 Ақпан, 2023

Адамды адам ететін – кітап

Абайдың оқуға зеректігін байқап, бала күнінен өлең-жырға шыңдап, болашағына үлкен әсер еткен зерделі Зере әже, қазақ фольклорының небір асыл үлгілерін, інжу-маржандарын санасына сіңіріп, Шоқанның зерек те ойшыл болып өсуіне зор ықпал еткен әжесі Айғаным Тастұмсық ауылының тумасы Мейірханмен әңгімелескенде ойға оралған-ды.