Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024

Ғалымдарға артылған сенім

70 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еліміздің әр өңірінде өзіндік ғылыми мәселелер, экономикаға қажетті бағыттары бар. Жергілікті әкімдіктер, бизнес және өнеркәсіп өкілдері ғылымға бет бұрып, оны дамытуға атсалысуы керек. Ұлттық ғылым академиясы осы бағытта өтінім беріп, ғылыми конкурстар өткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ жас ғалымдар кеңесі құрылмақ. Бүгінде эксперттік жұмыс топтарына 1 мыңнан астам жас ғалым тартылған.

Ғалымдарға артылған сенім

ФОТО: ozgeris.info

Бұл жөнінде Түркістан қа­ласына жұмыс сапарымен ке­ліп, Қожа Ахмет Ясауи атын­дағы халықаралық қа­зақ-тү­рік университетінің ғылы­ми әлеуметімен танысқан Ұлт­тық ғылым академиясының бас­шылығымен болған кез­де­суде айтылды. Аталған уни­­­верситеттің белсенді, да­рын­­ды ғалымдарын жобаларға тарту жұ­мыстарын жалғастыру жос­парланып отыр. Осы орай­да университет ректоры Жанар Темірбекова және рек­тор өкілі Пеями Бат­тал­мен кездесуде өңірдегі ғы­лы­ми зерттеу жұмыстары мен өзекті мәселелер жан-жақ­ты талқыланып, екі тарап ғы­­лымды дамыту бойын­ша өз ұсы­ныстарын жеткіз­ді. «Біз рухани астанаға Түр­кия мем­лекетімен ынтымақ­тас­тық­ты нығайту мақсатында келіп отырмыз. Жақын арада Түркиядағы ірі ғылыми қор TÜBİTAK ұйымына қа­рас­ты институттарға қазақ ғалым­дарының делегациясы барады. Ондағы негізгі мақсат – Қа­зақстан ғылымының ба­сым бағыты бойынша Түр­кия мем­лекетіндегі ірі ғы­лы­ми ор­талықтар мен уни­вер­ситет­тер арасындағы ғы­лы­ми ынты­мақтастықты құ­ру, ғалымдарды таныстыру және бірлесіп жобаларды өткізу. Осы мәселе бойын­ша дайындық жұмыстарын пы­сықтап, қажет­ті ғылыми ба­ғыт­тарды анық­таймыз. Соның негізінде бағ­дар­лама мен ірі ғылыми тұжы­рымд­ама дайындаймыз», деді академия өкілдері.

Ал университет ректоры Жа­нар Темірбекова жаңа жос­парлармен бөлісіп, өңірдегі ғылымды дамытуға оқу ор­ны ғалымдары белсенді түр­де атсалысатынын айтты. Уни­верситет аумағында «Инно­ва­циялық технологиялар не­гізінде биоресурстарды ком­мер­циялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының құнды генофондын сақтау» атты коммерцияландыру жобасы аясында арнайы өндірістік цех құрылып жатыр. Жемістерді ғылыми зерттеумен және өнді­рістік қайта өңдеумен айналысатын шағын кәсіпорын алдағы уақытта тұрғындарды сапалы экологиялық таза жеміс­пен және кептірілген жеміс өнімдерімен қамтамасыз етпек.

Сондай-ақ академия делегациясы университеттің ғалымдарымен дөңгелек үстел өткізді. Басқосу барысында университеттің жетекші және жас ғалымдарының қатысуымен Түркістан облысы бойынша өзекті мәсе­ле­лерді талқылау, оның ше­шу жолдарын анықтау, ғалым­дардың ғылыми зерттеу жұ­мыс­тарының нәтижелерін коммерцияландыру, өндіріске енгізу мәселелері қаралды. Жиынға қатысушылар мәселе­лерді жан-жақты саралап, тиім­­ді бағыттар бойынша бір­ле­се жұмыс істеуге келісті.

Жалпы өңірде жоғары оқу орындарында ғана емес, мектеп, колледждерде де білім сапасын арттыру облыс әкімінің назарында екенін ескерген жөн. Бұл орайда 2024-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың өңірлік жол картасы қабылданған. Мектептер мен колледждерде мониторинг жүргізу қолға алынбақ. «Бі­лім саласына бизнес ретін­де қарайтын басшылар, қыз­мет­керлер, әріптестер болса, қазірден жұмыстан кете бер­сін. Біз қалай болғанда да білім сапасын жақсартуымыз керек. Өңірге арнайы индикаторлар бекітілген. Сіздер білім саласы бойынша 2024 жылдың соңында республикада ондықтың қатарына ену межесін қойып, осы бағытта нақты жоспарды ұсыныңыздар. Индикатор толық орындалуға тиіс», деген болатын білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мәжілісте облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Облыстық білім басқарма­сының мәліметінше, ауылдық жердегі білім сапасын көтеру мақсатында 2024-2025 жылдары 10 педагогикалық шебер­лікті арттыру орталығы, 10 жетекші мектеп, тағы 5 ауданда «Мо­бильді мұғалім» жобасы іске қосылады. Сонымен қатар Жа­пония елінде тәжі­рибеден өткен ұстаздар мен әдіскерлер арқылы Lesson study әдісін сатылап енгізу және «Ауыл мектебін сапалы басқару» қанатқақты жобасы іске асырылып жатыр. Колледждерде білім сапасын көтеру жұмыстары қарқынды. Гранттар толық игерілген. «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында 2024-2025 жылдары еңбек нарығының сұранысына сәйкес 10 жаңа мамандық ашылады. Ол үшін өңірге қажетті жаңа кәсіптердің атласы қайта жасақталады.

 

Түркістан облысы