
Экономика • 12 Маусым, 2025
Бұл жекешелендірудің жөні бөлек
Жекешелендіру тақырыбына қоғам селқос қарамайды. Кеше де, бүгін де жекенің қолына өтіп жатқан әрбір нысанның кейінгі тағдырына қатысты халық көңіліндегі алаң сейілген емес. 90-жылдардың екінші жартысында бірнеше мың теңгеге сатылып кеткен әлеуметтік маңызы бар нысанды мемлекеттің 2010 жылдары бернеше млрд теңгеге қайта сатып алғанын ел ұмытқан жоқ.
Банк • 11 Маусым, 2025
Банктер туралы жаңа заңнан не күтеміз?
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң жобасы дамуға кедергісін тигізетін ескі нормалардан тазарып, өзекті, ыңғайлы және қолжетімді форматқа ие болмақ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) бірінші кезекте қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр.
Руханият • 30 Мамыр, 2025
Әлемдік әдебиет тарихында авторының емес, шығармасының торқалы тойы аталып өткен сәттер сирек екен. Кеше Алматыда қазақтың ақиық ақыны Олжас Сүлейменовтің атақты «АЗиЯ»-сының жарты ғасырлық торқалы тойына арналған халықаралық конференция «Түркіславтанудың тууы» деген тақырыпта өтті. Кәсіпкер Болат Өтемұратов қорының демеушілігімен шығарма жаңа үлгіде оқырманымен қайта табысты. Бұл жиын ЮНЕСКО-ның 2022–2029 жылдарға арналған Орта мерзімді стратегиясы, Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық онжылдығы, Халықаралық байырғы тілдердің онжылдығы (2022–2032) және ЮНЕСКО-ның білім қоғамдарын нығайтуға күш салуы аясында өтті.
Ипотека • 29 Мамыр, 2025
Ислам ипотекасы қаншалықты тиімді?
«Отбасы банк» ислам стандартына сәйкес ипотекалық бағдарламаны биыл әзірлеуі мүмкін. Бұған былтыр алғышарт та жасалды, банк пен Қазақстан құрылысшылар одағы және Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығымен (AIFB) меморандумға қол қойды. Құжаттың мақсаты – елімізде исламдық қаржы құралдарын, соның ішінде ипотеканы дамыту.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Қазақстанда жаңа газ құбыры салынуы мүмкін
Қазақстан Ресеймен республика аумағы бойынша жаңа газ құбырын салу мәселесін талқылады. Энергетика министрлігі хабарлағандай Ресейден Қытайға көгілдір шикізат транзиті үшін жаңа құбыр салу жөнінде «Газпроммен» келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz
Басылым • 22 Мамыр, 2025
Алматыда «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналының 105 жылдығына арналған конференция өтті. Жиында журналдың тарихи миссиясы, қоғамдық ой-пікірдің дамуына қосқан үлесі жан-жақты сараланды.
Экономика • 13 Мамыр, 2025
Цифрлық активтерді қолдануға дайынбыз ба?
Бізде цифрлы активтер «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) заңдастырылған. 2024 жылы қазанның аяғындағы мәліметтер бойынша цифрлық активтер қызметінің 16 провайдері бар. АХҚО баспасөз қызметінің дерегінше, 2024 жылдың 9 айында цифрлық активтер қызметінің провайдерлерімен операция көлемі 716 млн долларға жеткен.
Инфляция • 03 Мамыр, 2025
Ақша массасының көбеюі инфляцияны жеделдетеді
Елдегі ақша массасы мен инфляция арасындағы байланыс туралы сарапшылар әртүрлі пікір айтады. Нақтылыққа жақын пікір жоқтың қасы. Экономикадағы артық ақша массасын реттеу мәселесін жауапты мемлекеттік орындар да жиі көтереді. Қазірдің өзінде дағдарысқа қарсы шаралардың нәтижесінде экономикада 6,3 трлн теңге шектен тыс ақша массасы қалыптасқан.
Логистика • 26 Сәуір, 2025
Логистикалық мүмкіндіктер талқыланды
Алматыда өткен «ЕСЭ Asia-2025» халықаралық контейнерлік форумында трансазиялық көлік дәліздерін қалыптастыру мен кеңейту мәселелері, посткеңестік кеңістікте контейнерлік тасымалдарды дамытудың өзекті бағыттары талқыланды.
Өндіріс • 24 Сәуір, 2025
«Ақсай нан» әуелде әлеуметтік нан пісіруге бағдарланған кәсіпорын ретінде құрылды. 1985 жылдары қара бидай нан, батон және тоқаш өнімдерімен толықты. 1988 жылдан бастап ассортиментке тәтті торт пен тоқашты, сан алуан нан түрлерін қосты. Қазір кәсіпорын Алматының 70%-ын ыстық нанмен, еліміздің 60%-ын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.