
Қоғам • 11 Қазан, 2023
«Қазақ тілі» қоғамының Алматы қалалық филиалы мен «Қазақ газеттері» ЖШС құрамындағы «Ана тілі» республикалық газеті оқырмандар арасында «Ана тілімізді ардақтайық!» атты бейнеролик байқауын ұйымдастырған болатын. Достық үйінде байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан • 11 Қазан, 2023
Израиль мен Палестина арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты бірқатар мемлекеттер ол елдерден өз азаматтарын эвакуациялауға күш салып жатыр. Осы ретте «Air Astana» әуекомпаниясы Тель-Авивтегі Қазақстан азаматтарын Алматыға алып келу үшін арнайы рейс ұйымдастырғаны белгілі. Алматы уақытымен 23 сағат 45 минутта бортына 166 адам мінген ұшақ Алматы халықаралық әуежайына келіп қонды.
Жемқорлық • 28 Қыркүйек, 2023
Қоғам дамуын тежейтін қолайсыздықтың бірі – жемқорлық. Президент жауапты орындарға жемқорлықпен күрес мәселесін жүйелі жолға қоюды тапсырды. Осыған орай өңірлерде жемқорлық фактілеріне итермелейтін проблемаларды талдау ісі қолға алынған. Алматылық мамандар арнайы карта әзірлеу барысында сыбайлас жемқорлыққа бейім 8 саланы анықтаған.
Көрме • 27 Қыркүйек, 2023
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қазақ балет өнерінің хас шебері, педагог Болат Аюхановтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Менің балетім» атты көрме ашылды. Еңбек күні аясында есік ашқан көрме таңғажайып талант иесінің өмір белестерінен, шығармашылық жолынан хабар береді.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2023
Кейінгі жылдары елімізде жұмыс барысындағы жазатайым оқиғалар жиілеген. Тосын жайлардың басым бөлігі құрылыс саласына тиесілі. Өткен жылы Алматыда өндіріске байланысты 59 оқиға тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болған. Ал 26 азамат ауыр жарақат алып, еңбек қабілеті төмендеген.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2023
Әлемді үйлестіретін қуатты күш – өнер құдіреті. Себебі өнер мен шығармашылықтың адамзатқа ортақ жалғыз тілі бар. Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде корей және қазақ суретшілерін бір алаңға жинаған «Жер планетасына тағзым» атты сурет көрмесінің куәсі болып қайттық.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2023
Алматыда Болат Аюхановқа арналған көрме ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қазақ балет өнерінің хас шебері, педагог, балетмейстер Болат Аюхановтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Менің балетім» атты көрме ашылды.
Алматы • 19 Қыркүйек, 2023
Алматыдағы білім ошақтарында қыркүйектің орта шенінен бастап ана тілін ардақтауға шақыратын айшықты жобалар салтанат құрады. «Тіл мерекесі» қарсаңында үзбей өтетін дәстүрлі шаралар шоғыры биыл да жалғасын тапты. Қаланың Алатау ауданындағы №26 орта мектепте өткен «Менің тілім – ұлы дала рухы» атты рухани-танымдық кештің куәсі болып қайттық.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2023
Гиннестің рекордтар кітабына енді
Қала күні қарсаңында алматылық екі мыңнан аса жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Айтулы мерекені шаһар әкімдігінің қолдауымен Тоғызқұмалақ қауымдастығы ұйымдастырды.
Мәдениет • 11 Қыркүйек, 2023
Ауыздан-ауызға, аңыздан-аңызға тарап, бүгінге жеткен жыр-дастандарда ұлттық тәрбиенің мәйегі жатыр. Десе де, таңды таңға ұрып, құмарыңды қандыра жырлаған от ауызды жыршылар келмес күннің елесінде қалғандай көрінетіні бар кейде. Өнердің өң-сипаты өзгеріске ұшыраған бүгінгі уақытта қолына домбыра ұстап, баба мұрасын жалғаған жыр-терме жанашырларын көп ішінен көрсек, ерекше қуанамыз. Мұндайда «ел іші – өнер кеніші» деген тіркес еріксіз еске түседі.