Көрме • 27 Қаңтар, 2025

Суретші Н.Хлудовтың мұрасы көрмеге қойылды

110 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік орталық музейде көрнекті суретші, этнограф, өлкетанушы, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі, Орыс географиялық қоғамы Жетісу бөлімінің негізін қалаушы Н. Хлудовтың 175 жылдығына орай «Дала бояулары» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Суретші Н.Хлудовтың мұрасы көрмеге қойылды

Шараны ҚР Мемлекеттік Орталық музейі директорының міндетін атқарушы Ғалия Теміртон ашып: «Дәстүр мен әдет-ғұрыпты берік ұстану, ұрпақтар сабақтастығын өрбіту қашанда қазақ халқына тән қасиет болған. Қазақтың осындай өзіндік келбетін бейнелеп, артында өшпес мұра қалдырған дарынды суретші Н. Хлудовтың шығармалары Орталық музей қорының бай қазынасы деуге толық негіз бар», деп атап өтті.  

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан белгілі этнограф Ахмет Тоқтабай, Қазақстан Суретшілер Одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, басқа да өнертанушылар даңқты суретшінің XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, тұрмысын, шаруашылығын бейнелеуге айтулы еңбек сіңіргеніне тоқталды. 

Н.Хлудов мұрасының ең маңызды бөлігі (211 жұмысы) ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қорында сақтаулы. Оның ішінде 117 кескіндеме, 39 қарындашпен салынған эскиз, 55 акварель жұмысы және 3 альбом бар. Суретшінің «Нөсер жауын астындағы көш», «Барымта», «Бие сауу», «Өрмек басындағы тоқымашы», «Салтанатты көш», «Алау жанындағы әйел» туындылары көпшілікке етене таныс.

Көрме экспозициясына Н.Г.Хлудов қылқаламынан туған шығармалармен қатар жеке заттары (жиһаздары, фотоаппараты, өлшеу құралдары және т.б.) мен фотоқұжаттық материалдар да қойылды. Көрменің басты ерекшелігі – алғаш рет суретші Н.Хлудовтың акварельді жұмыстары және қарындашпен салынған эскиздерден тұратын үш альбомы қойылып, аталған альбомдардың электоронды нұсқасы көпшілік назарына ұсынылды.

Есте болса, 2003 жылы Орталық музей алғаш рет суретшінің өз коллекциясындағы туындыларынан каталог-альбом жарыққа шығарып, көрерменге ұсынған болатын. Көрме 2025 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15