
Қоғам • 26 Мамыр, 2021
Тұрмыстық зорлық-зомбылық тыйылмай тұр
Бүгінде елімізде отбасы институтын нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Дегенмен жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында көпбалалы, аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесетін орталықтар мен кеңселер қызметіне қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті болып отыр.
Экология • 25 Мамыр, 2021
Гербарий қоры мен тұқым банкін дамыту қажет
Соңғы онжылдықта өсімдіктер дүниесін сақтап қалудың маңызы артып келеді.
Білім • 25 Мамыр, 2021
Мамандандырылған оқу орындарын құру – уақыт талабы
Елімізде саны бар, сапасы жоқ оқу орындарына қатысты соңғы жылдары көп сын айтылып келгені белгілі. Ал пандемия кезінде білім жүйесіне түскен салмақ бұл кемшілікті барынша аша түскендей.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2021
Сиверс – әлемдегі 2 мыңнан астам алма сұрпының атасы
Соңғы жылдары Сиверс алмасының байырғы мекені – жабайы ормандарды қалпына келтіру жұмыстары белсенді қолға алына бастады.
Қоғам • 21 Мамыр, 2021
Кәмелетке толмағандарды қалай қорғаймыз?
ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл: проблемалар мен шешу жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Мамыр, 2021
2021 жылдың ең үздік командасы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Үздік олимпиадалық команда - 2021» аталымында I орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Мамыр, 2021
ҚХА және этномәдени бірлестіктер мүшелері кездесті
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында берілген тапсырмаларды орындауға байланысты республикалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің кездесуі өтті.
Қоғам • 18 Мамыр, 2021
Шағын асханада жұмыс қауырт. Мұнда тамақтануға келетіндердің дені қарттар. Қайырымдылық мақсатта үлестірілетін тағамдар тек мұқтаж жандарға ғана арналғанына қарамастан, зейнет жасындағы тұрғындар үшін Расима Темербаева ашқан асханадағы дәмді тағамнан ауыз тию дәстүрге айналған. Осылайша, күнделікті Алматы қаласындағы Айманов және Шашкин көшелеріндегі дүңгіршектер маңы түскі мезгілде абыр-сабыр. Мұнда демалыстан тыс күнделікті 150-дей адам тегін тамақтана алады. Байқағанымыз, асханаға зейнеткерлер тамақтану үшін ғана келмейді. Бір-бірін сағына көріскен, әңгіме айтуға бейіл жандардың жүзінен жылылықтың нышаны байқалады.
Руханият • 18 Мамыр, 2021
Әлем мәдениетінің тағылымды тұлғасы
Рухты жырлары, терең зерттеулерімен әлемді мойындатқан айтулы тұлға, Қазақстанның халық жазушысы, ақын, лингвист-зерттеуші, түрколог, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жасқа толған мерейтойына орай ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы және Алматы қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен халықаралық конференция өтті. «Танып-біліп өзімізді өзгеден, біз көшеміз өзімізге бет алып: Олжас және мәдениеттерді жақындастыру» деп аталған келелі басқосуға қабырғалы қаламгердің азаматтық қыры мен шығармашылық сыры кеңінен арқау болды.
Медицина • 14 Мамыр, 2021
Нина Каюпова: Ұлттық медицинаның дамуы адам репродукциясындағы жетістіктерге жол ашты
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында демография, отбасы құндылықтары, жергілікті халықтың денсаулығын сақтау, ана мен баланы қорғау бағытындағы заңнамалық құжаттарды әзірлеу бірінші кезекте тұрды. Ұлттық акушерлік-гинекология саласының бастауында тұрған кәсіби маман, Тұңғыш Президенттің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нина КАЮПОВА заң шығару ісі мен отандық репродукция саласындағы ғылыми жетістіктердің ұлттық сипаты жайында әңгімеледі.