
Қоғам • 12 Мамыр, 2021
Бішкекте Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылады
Қазақстан және Қырғызстан басшылары бірлесіп қол қойған екі елдің ынтымақтастық жоспары аясында қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Мамыр, 2021
Шұғыл желіге короновирусқа қатысты 700-ден астам қоңырау түскен
«Аман-Саулық» қоғамдық қоры COVID-19 пандемиясы кезеңінде Алматы қаласының тұрғындары мен медицина қызметкерлерінің өтініштерін қабылдау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін «шұғыл желі» телефонын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Мамыр, 2021
NIS жас ғалымдары халықаралық деңгейде танылды
NIS зияткерлік мектеп оқушылары Оңтүстік Кореяда өткен «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жобалар байқауында алты бірдей алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2021
Шетел ғалымдары әлемдегі жүздеген лас қала тізімін анықтаған. Siberian Wellness компаниясының деректері бойынша Норвегия, Швеция, Америка және Жапонияның ғалымдары жүргізген зерттеулерге сәйкес Алматы лас қалалар тізімінде 95-орынды иеленген. Мұнда жылына 29,6 мегатонна көмірқышқыл газының ауаға тарайтыны анықталған.
Медицина • 08 Мамыр, 2021
Дәрілік препараттардың сапасын бақылау үшін нарықтағы үлгілер алынады
Осы жылдан бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сапасын анықтау өнімді декларациялау арқылы сараптама жүргізу және қауіптілігін анықтау нарықтан іріктелген үлгілерді зертханалық сынақтан өткізуге байланысты болып отыр. Осы шаралар мемлекеттік тіркеуден кейінгі кезеңде фармацевтикалық өнімнің сапасын қамтамасыз етіп, Қазақстан аумағында фальсификаттар айналымын болдырмауға бағытталады, деп хабарлады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2021
«Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет»
Мемлекеттік орталық музейде Жеңіс күніне орай ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет» қайырымдылық акциясы өтті.
Қоғам • 06 Мамыр, 2021
Баспа нарығындағы бәсекелестік
Республикада кітап шығару ісінің ғасырға жуық тарихы бар. Соңғы отыз жылда қазақ кітабы өндірісін нарыққа бейімдеу мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Бір қарағанда күретамыры бүлкілдеп жатқанымен, саланың қарқынды дамуына кедергі келтіретін фактор көп. Бірқатар сарапшы кітаптың өзіндік құнына өндірістің қымбаттығы мен салық салмағы әсер етіп отыр десе, кейбір зерттеушілер қоғам сұранысына ие кітаптардың аздығын алға тартады.
Медицина • 05 Мамыр, 2021
Науқас балалар кемсітілмеуі тиіс
АИТВ және басқа да созылмалы аурулармен өмір сүретін балалар және жасөспірімдерге, олардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету – өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2021
NIS оқушысы Даниал Султанов халықаралық олимпиада жеңімпазы атанды
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Даниал Султанов Ресейдің Ұлттық технологиялық бастамалар халықаралық олимпиадасында жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 30 Сәуір, 2021
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақстан жазушылары кітапханасында «Ел қуаты – бірлікте» тақырыбында онлайн сабақ өтті. Жиын қатысушыларын мереке күнімен құттықтап келген Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов бірлігі мен ынтымағы жарасқан этнос өкілдерінің ел дамуындағы рөлі, қандай да болмасын қиындықтарды еңсерудегі бірлескен күш-жігері еліміздің әрі қарайғы дамуында маңызды рөлге ие деп атап өтті.