Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
170 материал табылды

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025

Тасқынның алдын алу пысықталды

«Биыл қаңтар айында жауын-шашын мөлшері былтырғыдай болды. Қазір Тасқала, Сырым, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудан­дарында, Орал қаласында топырақта қалыңдығы 2 см тоң пайда болды. Ауа райы күрт жылып, жаңбыр мол жауатын болса, наурыз айында бұл су тасқынына соқтыруы ықтимал», деп хабарлайды «Қазгидромет» қызметі Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Тілеген Шапанов.

Тағзым • 17 Қаңтар, 2025

Классикалық өнер: Амангелді Сембиннің рухына арналады

Биыл наурыз айында Орал қаласында әйгілі опера әншісі Амангелді Сембинді еске алуға арналған «Опералия» атты ерекше концерт өтеді.

Сұхбат • 10 Қаңтар, 2025

Нариман Төреғалиев: Елдік бастамалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға серпін берді

– Нариман Төреғалиұлы, Батыс Қазақстан облысына әкім болып келгеніңізге ­2 жыл толды. Осы уақыт ішінде өңір тұрғындарының әл-ауқа­тын арттыруға бағытталған бірқатар жұмыс атқарылды. Қызметке тағайындалған кезіңізде Президент қандай тап­сырма жүктеген еді? Елдік бастамалардың орындалу ­барысы қалай?

Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2024

Кітапхана ауылды өркениетке жалғайды

Батыс Қазақстан облысында жаңартылған кітапханалар – қауымдастық орталықтары салтанатты түрде ашылды. Жоба аясында Бәйтерек ауданының Переметное және Дариян ауылдарында алғашқы «Jaña klub» орталықтары таныстырылды.

Тағзым • 16 Желтоқсан, 2024

Есімі ұмытылмайды

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Гүлзада Қалелованы еске алуға арналған іс-шаралар тізбегі оның туған жері Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында өтті.

Тарих • 13 Желтоқсан, 2024

«Ұшқынды» ұшырған ұя

Осыдан 105 жыл бұрын, 1919 жылғы 17 желтоқсанда Орынбор қаласында «Қазақ жұртын билейтін өзгеріс һәм соғыс комитетінің» тілі атанған «Ұшқынның» алғашқы саны шықты.

Талбесік • 20 Қараша, 2024

Киікке жоқ шекара...

Соңғы деректерге сәйкес Оралдағы киік саны 2,8 миллионға жеткен. Мөлшерден тыс көбейіп, жергілікті фермерлерге орасан шығын кел­тіріп жатқан ақбөкеннің бір бөлігін көршілес Ресей аумағына өткізу қарастырылып жатыр.

Өндіріс • 10 Қазан, 2024

Оралда осындай зауыт бар

Орал қаласындағы агромаш жөндеу зауытының құрылғанына келер жылы 70 жыл толады. Тың игеру кезінде қалыптасқан өнеркәсіп уақыт сынына төтеп берді. Мамандандырылған автокөлік шығаратын ірі кәсіпорын былтыр 120-дан аса арнайы техника, 115 тіркеме шығарған. Бір кездері шаруасы шатқаяқтап қалған кәсіпорынның еңсесін қалай тіктеп алғаны тіпті қызық...

Экономика • 08 Қазан, 2024

Батыс қақпаның көлік әлеуеті қандай?

Батыс Қазақстан облысын «Еліміздің батыс қақпасы» деп атайды. Расында, Еуропа құрлығына жататын азған­тай пұшпағымыз осы өңірде. Ресейдің бес облысымен шектесіп жат­қан, Еуропаға ең төте жол шығатын Ақжайық өңірінде көлік-ком­муни­кация саласында айта қа­латын жақсы жаңалық та, көптен күрмеуін тап­пай келе жатқан түйін де жетерлік. Облыс әкімінің орынбасары Тілеп­берген Каюпов өңір­дегі көлік жүйесінің дамуы мен жолаушылар тасы­ма­лының сапасын арт­тыру мәселесін әрдайым басты назарда ұстап келеміз дейді.

Өнер • 08 Қазан, 2024

Ғарифолла филармониясының жаңа маусымы

Орал қаласында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы «Саз әлемі» атты ерекше концерт берді. «Атамекен» өнер ордасының алып сахнасында бір мезетте бірнеше өнер ұжымы – 200-ден астам өнерпаз қатар шығып, жаңа маусымның шымылдығын ашты.