Абай • 09 Тамыз, 2025

Кемеңгер ойлары – келелі кеңесте

1 мин
оқу үшін

Орал қаласында «Абай мұ­ра­сы – ұлт рухания­ты­ның алтын діңгегі» атты облыстық ғылыми-таным­дық конференция өтті.

Кемеңгер ойлары – келелі кеңесте

Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбе­бап ғылыми кі­тап­хана ұйымдастырған конференция­да филология, тарих сала­ларындағы ғалымдар мен түр­лі сала мамандары Абай шы­ғар­машылығына қатысты өзекті мәселелерді тал­қы­лады.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мең­діғалиев, Ұлттық құ­рыл­тай мүшесі, жазушы Бауыржан Ғұ­бай­дуллин Абай­дың рухани мұрасы жалпы адамзатқа ортақ, ал қазақ баласы үшін ең бас­ты бағдар деген ой айтты.

Махамбет уни­вер­­си­тетінің профессоры, педагогика ғы­лым­дарының докторы Абат Қы­дыршаев «Абай мұрасы – ұлт­тық құндылықтар айнасы» атты баяндамасында хакімнің қарасөздеріндегі пәлсапалық мазмұнға тоқ­талса, осы оқу орны­ның тағы бір профессоры, филология ғылым­да­рының кандидаты Зейнолла Мүтиев Абай мен Фариза өлеңдеріндегі сабақтастық туралы пікір өрбітті. Әдебиеттанушы ғалым, филология ғылым­дарының кандидаты Рита Сұлтанғалиева да Абай даналығы туралы сөз қозға­ды. Махамбет универси­тетін­дегі Қазақстан тарихы кафедра­сының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әлфия Байболсынова Абай мұрасы – ұлттық идео­логияның негізі екенін қадап айтты. Ар­дагер ұстаз, жұбан­танушы Үзілдік Елеу­байқызының «Адам­зат өрке­ниетінің толық иесі – Абай тағылымы» атты баяндамасы жас ұрпаққа бағышталды. Ал осы іс-ша­раны ұйымдастырған Жұбан кітапханасының директоры Шолпан Оразаева Батыс Қазақстан облысы кітапхана­ларында Абай мұра­лары қалай насихатталып жатқа­нына тоқталды.

Конференциядағы үз­дік баян­дамалар жинақ ретінде жарық көреді.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13