Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1297 материал табылды

Аймақтар • 15 Сәуір, 2024

Мектепте оқу онлайн режімге ауысты

15 сәуірден бастап Батыс Қазақстан облысында 4 аудан мен Орал қаласындағы мектептер қашықтан оқытуға көшеді.

Су тасқыны • 15 Сәуір, 2024

Жайық деңгейі көтеріліп келеді

Ресейдің Орынбор өңірін басқан тасқын су күн өткен сайын ел аумағына жақындап келеді. Сәуірдің 13-і күні Орынбор қаласында Жайық суының деңгейі 1 185 см болып, бұрын-соңды болмаған көлемге жетті. Тек 14 сәуірде ғана бұл жерде су деңгейі сәл қайта бастаған. Ал Жайық өзеніндегі Орал гидрологиялық бекетінде су деңгейі 14 сәуір күні таңертең 755 см-ге дейін көтерілді, қауіпті деңгей – 850 см.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2024

БҚО: Алты өңірден қосымша күш келді

Сәуір айы басталғалы Батыс Қазақстан облысы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімінде өмір сүріп жатыр. Бұл уақыт – әсіресе құқық сақшылары үшін аса жауапты кезең, деп жазады  Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2024

Жайық ақырын көтеріліп келеді

12 сәуірде Батыс Қазақстан облысында жағдай күрделі күйінде қалғанымен, толық бақылауда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны • 12 Сәуір, 2024

90-ға жуық елді мекенге қауіп төніп тұр

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің тасуынан болатын қауіп күннен-күнге күшейіп келеді. Орал қаласы және өзен бойындағы Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 90-ға жуық елді мекені су тасқынынан қорғанып жатыр.

Оқиға • 11 Сәуір, 2024

Бәсі биік бес кітап

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві өткен жы­лы ғасырлық мерейтойын атап өткен болатын. Осы той­­дың тәбәрігі ретінде жақында архив қорында сақталған құн­ды құжат мәліметтері жинақталған 5 кітап баспадан шықты.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2024

Ассамблеядағы штаб

Батыс Қазақстан облысында тасқын су әбігері басталғалы өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты «Достық үйі» де қарбалас қимылға көшкен. Бір бөлме тасқын судан зардап шегушілерге арналған гуманитарлық көмек жинайтын қоймаға айналыпты. Мұнда қазір «Жүректен – жүрекке!» атты акция өтіп жатыр.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2024

Батыс Қазақстанда 33 шақырым бөгет тұрғызылды

Президент тапсырмасына сәйкес бірнеше күннен бері Батыс Қазақстан облысында жүрген Премьер-министрдің орынбасары Н.Байбазаров пен өңір басшысы Н.Төреғалиев облыстың су басқан аймақтарын тікұшақпен аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2024

БҚО: су қоймалары 72%-ға толды

Батыс Қазақстан облысында бүгінге дейін 581 үй, 427 саяжай су тасқынының астында қалды. Сәуір айының 9-ы күнгі мәліметке қарағанда, өңірде 7125 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың 1523-і эвакуациялық бекеттерді паналаса, 5602 адам туған-туыстарында тұрып жатыр.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2024

Тасқыннан болған ақау жедел жөнделеді

Елімізді біраз әбігерге салып жатқан көктемгі су тасқыны Батыс Қазақстан облысында да біраз электр, газ желісін бүлдіріп үлгерді. Алайда арнайы қызмет өкілдері апатты барынша жедел қалпына келтіріп жатыр.