Өндіріс • 11 Шілде, 2024

Түрік компаниясы Ақжайықта кәсіпорын ашуға ниетті

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «Fatinoglu» түрік холдингінің өкілдерімен кездесу өткізді. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрік компаниясы Батыс Қазақстан облысына инвестиция құюға мүдделі.

Түрік компаниясы  Ақжайықта кәсіпорын ашуға ниетті

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімдігінде өткен кездесу барысында Батыс Қазақстан облысы аумағында жоғары технологиялық жаңа өндіріс ашу жөнінде ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды.

Нариман Төреғалиев талқыланып жатқан жобаны жүзеге асыруда облыс әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Өңір басшысының айтуынша, қазірдің өзінде БҚО аумағында түрік капиталы тартылған 7 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр екен.

«Өңірлерге инвестиция тарту мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында тұр. Біздің облыс Түркия Республикасы компанияларымен жақсы қарым-қатынаста. 2023 жылы облыс пен Түркия компаниялары арасындағы тауар айналымы – 321,5 млн долларды, экспорт – 303,4 млн долларды, импорт 18 млн долларды құрады. Біздің облыста жоғары технологиялық жаңа өндіріс құру жөніндегі бастамаңызды жүзеге асыруға мүдделіміз. Біз өз тарапымыздан сіздердің идеяларыңызды жүзеге асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», деді облыс әкімі.

Өңір басшысы сондай-ақ танымал холдингтің Ақжа­йыққа келуі жаңа технологияларды трансферттеу, жаңа жұмыс орындарын құру тұрғысынан мәні зор екенін, бұл жалпы аймақ экономикасына оң әсер ететінін атап өтті.
Айтпақшы, «Fatinoglu» холдингі әлемдік нарықта сантехника мен радиатор шығаратын ірі өндіруші­лерінің бірі ретінде Түркияның экспорттаушы ком­панияларының топ рейтингіне кіреді.

Батыс Қазақстан облысы