Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
380 материал табылды

Аймақтар • 15 Сәуір, 2025

Шымкентте алаяққа алданатындар азаймай тұр

Шымкентте екі күн қатарынан жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2025

Шымкентте «ZIMA» түнгі клубы жабылды

Түнгі клуб Шымкенттегі «Шахан», «Sultan» супермаркетінің бұрынғы ғимаратының орнынан пайда болған. Құрылыс нормасы бойынша ол жер қайта дүкен болуы тиіс еді. Алайда қалай болғаны белгісіз нысан көңіл көтеретін орынға айналып кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Ғылым • 14 Сәуір, 2025

Ғалым Шымкентті дотациядан шығарудың жолын ұсынды

Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбден Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығына орай Шымкентте ұйымдастырылған республикалық конференцияда «Әлем, Абай және Қазақстанның сара жолы» атты тақырыпта баяндама жасаған еді. Өз сөзінде ғалым қазақтың сұлу жері Көкшенің Бурабайында өткен ІV Ұлттық құрылтайға байланысты өз пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 11 Сәуір, 2025

АИТВ ауруын анықтайтын жаңа аппарат іске қосылды

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен АИТВ инфекциясын жедел-тест, ИФТ, ИХЛТ әдістері бойынша  міндетті зерттеп-тексеру қағидалары бекітілген, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мәдениет • 11 Сәуір, 2025

Францияда Шымкент күндері аталып өтті

Қазақстанның Франциядағы Елшілігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен француз елінде Шымкент қаласының күндері аталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Маман • 08 Сәуір, 2025

Билік пен бизнес білікті маман даярлауда бірікті

Қазақстан тәуелсіздік алған соң көптеген ескі зауыттар жекешеленіп модернизациядан өтті. Қаншама жаңа кәсіпорын пайда болды. Бұрынғы технологияның орнына жаңасы келді. Өндіруші кәсіпорындар шетелден заманауи қондырғылар әкеп орнатты. Осының бәрі кейін сол технологияның тілін білетін мамандарды қажет етті. Бастапқыда кәсіпкерлер шетелден шеберлерді шақыртты. Олар жергілікті мамандарға өндірістік желілердің қыр-сырын үйретті. Осылайша елімізде білікті мамандар шоғыры қалыптаса бастады.

Тарих • 07 Сәуір, 2025

Екінші дүниежүзілік соғыстағы тағдыркешті шайқастар

Адамзат тарихында ең құрбаны көп, қаншама халыққа үлкен қасірет алып келген сұрапыл шайқастың бірі ІІ дүниежүзілік соғыс болды. Соғыс өртінің алғашқы ұшқындары 1938 жылы нацистік Германияның көсемі Адольф Гитлердің Австрияға жасаған шабуылынан кейін басталды. Бұл шайқас әлемнің барлық елін шарпыды. Тіпті алыстағы АҚШ-та өзінің тынық мұхиттағы әскери кеме базасын Жапония тас-талқан еткен соң амалсыз қанды майданға кірді. Алты жылға созылған ұрыста тарихта бірінші мәрте ядролық қару қолданды. Алапат шайқаста жиырма миллионға жуық жауынгер қырылды, тағы ондаған миллион бейбіт тұрғын мерт болды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2025

Фосфоршылар мәдениет сарайы жаңадан бой көтереді

Шымкентте «Фосфоршылар мәдениет сарайы» қайта салынатын болады. Осыған орай ғимарат орналасқан жерде жаңа құрылыстың капсуласын салу рәсімі өтті. Оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, «Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушылар – эколог Әсел Тасмағамбетова мен кәсіпкер Кеңес Рақышев қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 04 Сәуір, 2025

Шымкентте көркем гимнастикадан халықаралық жарыс өтті

Еліміздің үшінші мегаполисінде орналасқан «Көркем гимнастика спорт кешенінде» көркем гимнастикадан Шымкент қаласының ашық чемпионаты 3 күн бойына жалғасты. 1-4 сәуір аралығында өткен бұл жарыста спортшылар Қазақстанның бірнеше облысынан келді, тіпті көршілес Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен де көркем гимнасшылар келіп қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 18 Қаңтар, 2025

«Мархабат» журналы қанат қақты

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, сондай-ақ, халықаралық «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, белгілі жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай «Мархабат» журналы мен Markhabat.kz әдеби-ақпараттық портал таныстырылымы болып өтті. Жиынға жазушының үзеңгілес серіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, идеология саласына жауапты Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл облысынан арнайы қонақтар қатысты.