Аймақтар • Бүгін, 17:16

Шымкентте бір күнде қос кәсіпорын ашылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттегі «Marvik Partners» ЖШС «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жеңіл өнеркәсіп, медицина, құрылыс және басқа  салада қолданысқа ие спанбонд өнімін шығаратын фабриканы іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте бір күнде қос кәсіпорын ашылды

Жобаның инвестициялық құны 4,7 млрд теңге тұрады. Кәсіпорында 136 адам тұрақты еңбек етіп, жылына 4.8 мың тонна материал өндіріледі. Фабрика құрылысына арнайы экономикалық аймақтан 3 гектар жер берілген. Кәсіпорын заманауи құрылғылармен жабдықталған. Келешекте отандық спанбонд импорттық өнімді алмастырады.

Сондай-ақ қалада «Alliance Buildings» ЖШС-нің металл есіктер шығаратын зауыты ашылды. Бұл есіктер өртке қауіпсіз. Кәсіпорын еліміздің оңтүстік өңірлерін сапалы құрылыс өнімдерімен қамтамасыз етуге қауқарлы және экспорт аясын кеңейту жоспары бар.

Компания келесі жылдан бастап Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне өнімдерін экспорттамақ. Жобаға 3.7 млрд теңге инвестиция тартылған. Толық қуаттылығына көшсе зауытта 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жылына 150 мың дана есік шығарылатын болады.

Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы – Шымкенттегі өнеркәсіптің дамуындағы маңызды қадам екенін айтты. Сол арқылы жұмыс орындары ашылып, экономикалық әлеует нығайып, ішкі нарық сұранысы қанағаттандырылады.

Шымкент

Соңғы жаңалықтар