Айта кету керек, келесі жылы ЕАЭО-ға Қазақстан төрағалық етеді. Сондықтан еліміз ұйымды жаңа деңгейге көтеру үшін барлық қажетті шараларды жоспарлап отыр. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, өңірдің беделін арттыра түсетін маңызды оқиға болғалы тұр.
Мұнымен қоса заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдер талқыланатын дәстүрлі Digital Forum да Шымкентте өтетін болады. Бұл форум – жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің бастауы, ел дамуы мен өңір ынтымақтастығының және технологиялық жаңғырудың жарқын көрінісі.
Халықаралық деңгейдегі жиындарды өткізу таңдауы Шымкентке түскені бекер емес. Соңғы жылдары жаңарып, көркейген қала бүгінгі күнде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруға лайықты еліміздің маңызды аймақтарының біріне айналып үлгерді.
ШЫМКЕНТ