Футбол • 28 Желтоқсан, 2023
УЕФА-ның ресми сайтында жылдың қорытындысы бойынша Еуропа құрлығында ең үздік деп танылған командалардың рейтингі жарияланды.
Теннис • 28 Желтоқсан, 2023
14-28 қаңтар аралығында Мельбурнде Аустралияның ашық біріншілігі өтеді. «Үлкен дулыға» санатындағы жарыста Қазақстанның теннисшілері де өнер көрсетеді.
Спорт • 28 Желтоқсан, 2023
Шымкент қаласында еліміздің ең мықты үстел теннисшілері арасында ұйымдастырылған ТОП-12 турнирі өз мәресіне жетті.
Жеңіл атлетика • 27 Желтоқсан, 2023
27 қаңтарда жеңіл атлетикадан Астанада өтетін World Athletics турнирінде сырықпен секіруден Токио Олимпиадасының жеңімпазы, әлем мен Еуропаның екі дүркін чемпионы, дүниежүзілік рекордты сан мәрте жаңартқан швециялық саңлақ Арманд Дюплантистің өнер көрсететіні жайында біз бұған дейін де жазғанбыз.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2023
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында дзюдодан жүлде қоры 100 мың долларды құраған халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтті. Ел аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылған командалық сайыста 11 мемлекеттен келген 17 клуб күш сынасты. Олардың қатарында дүбірлі додаларда дараланып жүрген белді балуандар да аз болған жоқ.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2023
Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде «bel-bilek» халықаралық шығыс жекпе-жек фестивалі өз мәресіне жетті. Барлық стильдегі каратэден балалар мен жасөспірімдер арасында өткен додада Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан және Қазақстанның бірқатар өңірінен келген 700-ге жуық спортшы бақ сынады.
Пікір • 26 Желтоқсан, 2023
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей спортшыларына келесі жылы Парижде алауы тұтанатын XXXIII жазғы Олимпия ойындарына қатысуға рұқсат бергенімен, оларға бірқатар қатаң шектеу қойып отыр. Нақтылай айтсақ, төртжылдықтың басты додасында көршілеріміз бейтарап команда ретінде өнер көрсетеді. Яғни Францияның бас шаһарында ресейліктерге мемлекеттік рәміздерін пайдалануға тыйым салынды. Тіптен сол елдің саңлақтары жеңіске жеткен жағдайдың өзінде аталған елдің әнұраны шырқалмайды, туы көкте желбіремейді. Дәл осындай талап Беларуське де қойылып отыр.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2023
Таяуда Астанада Қазақстан дзюдо федерациясы 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік балуандарды анықтап, оларға сый-құрмет көрсетті.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2023
Кеше Futsal Planet порталы футзалдан ұлттық құрама командалардың әлемдік рейтингін жариялады.
Спорт • 25 Желтоқсан, 2023
Мәскеудегі «ЦСКА-Аренада» аралас жекпе-жектен АСА Гран-при турнирі өтті. Жеңіл салмақтылардың ширек финалында біздің Артем Резников күш сынасты.