Сұхбат • 14 Наурыз, 2024
Тұрсынғали ЕДІЛОВ, бапкер: Куба қабыландарының «құпиясын» аштым
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов 1997–2001 жылдар аралығында еліміздің ұлттық құрамасының тізгінін ұстады. Білікті бапкердің тұсында отандық былғары қолғап шеберлері орасан зор табысқа қол жеткізді. Ғасырлар тоғысында Сиднейде алауы тұтанған Олимпия ойындарының финалында қазақтың төрт бірдей боксшысының өнер көрсетуі – сөзіміздің айқын дәлелі. Сол кезде жер-жаһан жанкүйерлері бізге қызыға да қызғана қараған еді. Жасыл құрлықта екі алтын мен екі күмісті олжалаған жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.
Күрес • 12 Наурыз, 2024
Күні кеше ғана Түркияның Анталья қаласында аяқталған Яшар Доғу мемориалында Өзбекстанның грек-рим күресі шеберлері 1 күміс пен 1 қола медальді иеленіп, жалпы есепте Қазақстан құрамасының алдын орап кетті. Ал сол команданы Анадолы еліне қазақтың ұлы Елмұрат Тасмұратовтың баптап әкелгенін біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.
Күрес • 04 Наурыз, 2024
Лос-Анджелесте атой салған балуан
1984 жылы Лос-Анджелесте алауы тұтанған Олимпия ойындарына КСРО-дан бастап, Ангола, Ауғанстан, Болгария, Мажарстан, Вьетнам, ГДР, Йемен, Солтүстік Корея, Куба, Лаос, Моңғолия, Польша, Чехословакия және Эфиопия секілді социалистік бағыттағы бірқатар мемлекет бойкот жариялағаны белгілі. Румыния өз елінің емес, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) туы астында бейтарап команда ретінде өнер көрсетті. Олардан бөлек, Жоғарғы Вольта, Иран, Ливия және Албания да АҚШ-қа барудан бас тартты.
Спорт • 27 Ақпан, 2024
Олимпиада • 26 Ақпан, 2024
Штаб-пәтері Кувейтте орналасқан Азияның Олимпиадалық кеңесі (АОК) кезекті IX қысқы Азия ойындарының алауы Қытайдың Харбин қаласында тұтанатынын ресми түрде жария етті. Аталған жарыс 2025 жылдың 7 ақпаны мен 14 наурызы аралығында өтеді. Қытайлар өте пысық халық қой. АОК-тың шешімі шықпай тұрып-ақ олар Азиаданың бойтұмары, эмблемасы және ұранын бекітіп те үлгерген екен.
Спорт • 23 Ақпан, 2024
Қатардың бас шаһары Дохада өткен су спортынан әлем чемпионатында 42 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бақ сынаушылардың жалпы саны – 2 600 спортшы. Барлық құрлықтың мықтылары бас қосқан байрақты бәсеке Қытай құрамасының айқын жеңісімен аяқталды.
Олимпиада • 21 Ақпан, 2024
Осыдан дәл 16 жыл бұрын, яғни 1998 жылдың 21 ақпанында Жапонияның Нагано қаласында XVIII қысқы Олимпия ойындарының алауы сөнді.
Футбол • 20 Ақпан, 2024
Дарынды жастар шетел асып жатыр
Бүгінде Еуропаның бірқатар клубы қазақ футболшыларына қызығушылық танытып жатыр. Бұл жаңалықты естіген жанкүйерлер қатты қуанып отыр. Себебі олар қарт құрлықта өнер көрсетіп, шеберліктері әбден шыңдалған ойыншылар келешекте тұралап қалған Қазақстан футболының жаңа деңгейін көтеруге елеулі үлес қосады деп үміттенеді.
Футбол • 19 Ақпан, 2024
Трансфер: 14 жылда – 25 млн еуро
Таяуда отандық «Vesti.kz» сайты ел футболына қатысты қызықты мақала жариялады. Ол жерде 2010 жылдан бері Қазақстанның командалары трансферлік әрекеттер жүргізу арқылы қанша қаражат жұмсағаны жөнінде қызықты ақпарат берілді. Енді сол мағлұматтарға назар аударайық.
Спорт • 16 Ақпан, 2024
16-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяда үстел теннисінен командалық әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Осы бәсекелер барысында Олимпия ойындарының лицензиялары сарапқа салынатындықтан төрткүл дүниенің мықтылары Пусанда бақ сынауға бел буды.